Қорытынды 1. «АD-АS» үлгісі шығарылым көлемі мен баға деңгейінің ауытқуларын, олардың
өзгеруінің себептері мен салдарларын жалпы түрде зерттеу үшін қажетті базалық модель болып
табылады. Бұл модельдің көмегімен мемлекеттің экономикалық саясатының әртүрлі
нұсқаларын қарастыруға болады.
2. Жиынтық сұраныс – макроэкономикалық субъектілердің белгілі бір уақыт кезеңінде
(әдетте, 1 жыл ішінде) өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық шығындары.
Ол белгілі бір уақытта сол макроэкономикалық субъектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан
жиынтық шығарылым көлемінің экономикадағы бағаның жалпы деңгейімен өзара байланысын
сипаттайды.
3. Жиынтық сұраныстың негізгі құрауыштары болып үй шаруашылықтарының тұтыну
сұраныстары, фирмалардың инвестициялық сұраныстары, мемлекеттік шығындар мен таза
экспорт табылады.
4. Жиынтық сұраныстың бағалық факторларына және оның қисығының теріс
көлбеулігіне әсер факторлар Кейнс әсерімен, Пигу әсерімен және импорттық сатып алымдар
әсерімен түсіндіріледі. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларына оның
құрауыштарындағы кез-келген өзгерістер, сонымен қатар, ақша ұсынысы мен ақша
айналымының жылдамдығы жатады.
5. Жиынтық ұсыныс классикалық ұзақ мерзімде жне кейнстік қысқа мерзімде
қарастырылады. Қысқа мерзімде жиынтық ұсыныстың өзгерісі бағалардың өзгермеуіне және
өндіріс көлемінің өзгеруіне алып келеді. Ұзақ мерзімде жиынтық ұсыныстың өзгерісі
бағалардың өзгеруіне және өндіріс көлемінің өзгермеуіне алып келеді.
6.
Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлардың (ақша ұсынысының төмендеуі,
мемлекеттік шығындардың қысқаруы, салықтардың көтерілуі) әсерінен қысқаруы салдарынан
өнім көлемінің қысқаруы мен баға деңгейінің тұрақтылығын көрсететін механизмді «тегеріш»
(храповик) әсері деп атайды.