Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет212/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro

 
Дәрістің жоспары
1.
 
Қолда бар табыс және оның бөлінуі. Тұтыну және жинақтар.  
2.
 
Тұтыну функциясы және жинақтардың функциясы.  
3.
 
Инвестицилар және олардың түрлері. Жоспарланатын және нақты шығыстр. 
4.
 
Кейнстін кресі. Кенстің мильтипликаторлары.  
5.
 
Тепе  –  теңдік  өндіріс  көлеміне  жетудің  механизмі.  Рецессиялық  алшақтық. 
Инфляциялық алшақтық. Өнемділіктің парадоксы. 
6.
 
AD-AS моделі мен Кейнстің кресінің өзара байланысы. 
7.
 
Мемлекеттік бюджет. Фискалдық саясат. 
 
 
1936  жылы  ағылшын  экономисі  Дж.  Кейнс  «Жұмыспен  қамтудың,  ақшаның  және 
пайыздың жалпы теориясы» деген әйгілі еңбегінде өзінің жаңа макроэкономикалық идеяларын 
ұсынды.  Ол  Сэй  заңына  келіспеушілік  білдіріп  былай  деді:  кейбір  уақытта  адамдар  өздерінің 
тапқан  табыстарының  барлығын  нарықтағы  тауарлар  мен  қызметтерге  толық  жұмсамауы 


мүмкін,  олай  болса,  дүкен  сүрелерінде,  қоймаларда  сатылмай  қалған  тауар  қорлары  пайда 
болады.  Соған  байланысты  өндірушілер  өндірісті  қысқартуға  мәжбүр  болады,  нәтижесінде 
экономика  құлдырай  бастайды.  Кейнс  нарықтық  экономикада  толық  жұмысбастылық 
жағдайында  өнім  өндіруге  кепілдік  беретін  механизмнің  болмайтындығы  туралы  нақты 
қорытындыға келеді. Экономикалық тепе-теңдік жұмыспен толық қамтылмаған жағдайда және 
экономикада  дағдарыс  байқалған  кезде  де  орын  алуы  мүмкін.  Сонымен  қатар,  Кейнс 
классиктердің  өндірісті  және  жұмысбастылықты  автоматты  реттейтін  икемді  бағалар  идеясын 
да қатты сынға алды. Ол жиынтық сұраныс қысқарғанда тауарға бағаның төмендейтінін жоққа 
шығармады.  Бірақ  бұл  жағдай  өнім  көлемін  әлеуетті  деңгейге  әкеледі  дегенмен  келіспеді. 
Нарықтық  экономика  тек  жетілген  бәсекеге  негізделе  бермейді.  Еңбек  нарығындағы 
кәсіподақтардың  монополистік  үстемдік  жүргізуі  кәсіпкерлерге  тепе-теңдік  орнатуға  қажетті 
деңгейге  дейін  жалақыны  төмендетуге  мүмкіндік  бермейді.  Олигополистер  де  басқа  да 
ресурстардың  (көмір,  мұнай,  болат,  т.б.)  иелері  ретінде  бағаның  төмендеу  жағына  деген 
икемділгін қаламайды. 
Кейнс өзінің пайымдауларында Сэй заңындағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс 
арасындағы  себеп-салдарлық  байланыстың  бағытын  өзгертті,  нақтырақ  айтқанда:  «жиынтық 
сұраныс  жиынтық  ұсынысты  тудырады».  Оның  мағынасы:  «сұранысы  бар  тауарларды  өндіру 
қажет». Сондықтанда, Кейнс теориясы «тиімді сұраныс теориясы» деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет