1.
Сұраныс
баға бойынша икемді
деп саналады, егер бағаның аз пайыздық өзгеруі
сұраныстың көп пайыздық өзгеруіне әкелсе. Икемділік коэффициенті бұл жағдайда 1-ден көп.
Осындай сұраныстың қисық сызығы 16 суретте көрсетілген.
2.
Сұраныс баға бойынша икемді емес (икемсіз) деп саналады, егер бағаның көп пайыздық
өзгеруі сұраныстың аз пайыздық өзгеруіне әкелсе, ал икемділік коэффициенті 1-ден аз (17
сурет). Ол сұраныс шамасы ұсыныс шамасымен қатал шектелген жағдайларда кездеседі.
3. Мүлде икемсіз сұраныс
– бұл жағдайда икемділік коэффициенті нөлге тең, өйткені
бағаның ешқандай өзгерісі сұраныстың өзгерісіне әкелмейді (сұраныс бағадан тәуелсіз). Бұндай
сұраныс өмірлік тұрмыста ең қажетті тауарларға жиі байқалады, оларды кейбір тұтынушылар
бағасының өсуіне қарамастан сатып алады, мысалы, дәрі-дәрмектер. Сұраныс қисық сызығы
баға қисық сызығының түрін алады (18 сурет).
P P
Q Q
16 сурет
. Икемді сұраныс
17 сурет
. Икемсіз сұраныс
_ -
+
_
+
+
|