тура және
айқас болуы мүмкін.
Сұраныстың баға бойынша тура икемділігі (сұраныстың баға икемділігі) – сұраныс шамасының өзгеруіне
баға өзгеру ықпалының дәрежесін көрсетеді. Икемділік бағаның пайыздық өзгеру нәтижесінде
сұраныстың пайыздық өзгеру түрімен білінеді. Сұраныстың баға икемділік коэффициенті
жалпы формула бойынша есептеледі:
Е
d
= сұраныстың пайыздық өзгеруі/бағаның пайыздық өзгеруі.
Баға бойынша сұраныс икемділігі теріс сан болып келеді, өйткені сұраныс пен ұсыныс
араларындағы тәуелділік, байланыстылық кері. Бірақ, кей жағдайларда (ахуалдарда) сұраныс
пен ұсыныс заңы әрекетсіз (олар өткен тақырыпта қаралды). Талдаудың жеңілдігі үшін алу
белгісі жазылмайды. Есептеу тәсіліне байланысты икемділік коэффициентінің2 түрін айырады: