Салықты енгізу, сонымен қатар, сатып алушылар алғысы келген тауар санын өзгерпейді, демек,
D қисық сызығы жылжымайды. Сонымен, салықты енгізгеннен сатушылар да, сатып алушылар
да ұтпайды. Өндіріс пен тұтыну көлемдері қысқарып, (жаңа Q
1
тепе-теңдік көлемі бұрынғы Q
Е
көлемінен аз), сатып алушылар жоғарылау бағаны төлейді (сатып алушы төлейтін жаңа Р
1
бағасы ең алғашқы Р
Е
бағадан жоғары), ал сатушылар төмендеу бағаны алады (сатушы алатын
Р
2
бағасы (салықты есептей отыра), ең алғашқыдан төмендеу). Мұнда мемлекет ғана ұтады – ол
Р
1
мен Р
2
бағалар араларындағы айырмаға ие болады.
Енді салықты енгізуден кім көбірек ұтылып тұрғанын көрейік – сатушы немесе сатып
алушы ма, яғни олардың араларында салық ауыртпалығы қалай бөлінеді. Салық ауыртпалығы
тауар икемділігі дәрежесімен тікелей байланысты (салық енгізілетін тауар), яғни сұраныс пен
ұсыныс қисық сызықтарының енкіштік бұрыштары ара қатынастарынан тәуелді.
Икемділік сұраныс жағдайында салық ауыртпалығының көбі сатушыларға түседі, икемсіз
сұраныс жағдайда – сатып алушыларға. Икемді сұраныста баға көтеріліп, сұраныстың
жартысын тұтынушылар субтитут – тауарларға ауыстырады, икемсіз сұраныста бұл қиындық
тудырады. Керісінше, егер ұсыныс икемді болса, салықтың жартысынан көбін сатып алушы
төлейді, икемсіз жағдайда – сатушы. Бұның себебі: икемді ұсыныста ресурстардың (қорлардың)
басқа тауардың өндіруіне бөлуі жеңілдеу тиеді. Сонымен, икемді сұраныс пен икемсіз ұсыныс
жағдайында сатушы салықтың ауыртпалығын көтереді. Графикалық бұл ахуал сұраныстың
жайпақ қисық сызығымен және ұсыныстың тік қисық сызығымен көрсетіледі. Егер сұраныс
икемсіз, ал ұсыныс икемді болса, сатып алушыларға салық ауыртпалығы түседі. Графикте бұл
тік сұраныс қисығы мен ұсыныстың жайпақ қисық сызығымен көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: