нормаға сәйкес (стандартты) және сапасыз (сапасы төмен) деп бөлінеді.
Микроэкономикада табыс бойынша сұраныстың теріс икемділігін көрсететін табыс бойынша
икемділік коэффициенті 0 (нөлден аз), яғни табыстың өсуімен сұранысы төмендейтін
тауарлар сапасыз деп саналады. Табыстың өсуімен сұранысы жоғарылайтын (табыс бойынша икемділік
коэффициенті –
оң сан) тауарлар нормаға сәйкес деп саналады. Нормаға сәйкес тауарлардың
3 тобын айырады:
1. Ең қажетті тауарлар – табыстың өсуімен салыстырғанда, оларға деген сұраныс аздау,
ал табыс бойынша икемділік коэффициенті тең: 01
<1;
2. Қажетті тауарлар – оларға деген сұраныс табыспен бірге өседі, икемділік
коэффициенті E
1
= 1
3. Сән-салтанат, әдемілік тауарлары – оларға деген сұраныс табыстан жылдамдау,
тездеу өседі, икемділік коэффициенті E1>1. Сұраныстың тура, айқас икемділігі
коэффициенттері мен табыс бойынша сұраныс икемділігі араларында өзара байланыс бар:
олардың сомасы 0 (нөлге) тең.