Тұтынушының пайдалылықты жоғарылату ұмтылысында Х және Z тауарларға ақша
шығару оңтайлы емес, ұтымсыз екендігіне, Y тауарының ең жоғары пайдалылығына көзі жетіп,
(20-10 мен 15 қарсы), Х игілігінің соңғы бірлігінің орнына Y игілігінің тағы да 5 бірлігін сатып
алады. (Х игілігінің бағасы 100 тең). Бюджеттің бұндай қайта бөлінуі (үлестіруі) тұтынушыға
пайдасы көп нәтиже береді (5∙400 = 2000, бұл алғашқы үлестіруден 1000 ютильге көп).
Сонымен, тұтынушы Х тауардың 9 бірлігін, Y тауардың 15 бірлігін, Z тауардың 10 бірлігін
сатып алады. өз бюджетін оңтайландыру, ұтымды қылу мақсатымен сатып алушы әрі де қайта
бөліп, үлестіруін әрі қарай жалғастыруына болады. Бірақ, Y тауардың неғұрлым көп санын
(бірлігін) сатып алса, оның келесі бірліктерінің шекті пайдалылығы соғұрлым түседі. Сонымен
бірге, Х игілігінің бірқатар бірліктерінен бас тартқан сайын, қалған бірліктердің шекті
пайдалылығы өседі. Бір игілікті екіншісімен ауыстыру жолымен одан арғы бөлуге (үлестіруге)
ынта азая береді.
Нәтижесінде жаңағы жасалған ауысулар тұтынушыға игіліктер пайдалылығының тең
деңгейін қамтамасыз ету керек. Мұндай бөлу (үлестіру) келесі кестеде келтірілген:
Игіліктер
Игіліктер
саны
Шекті
пайдалылы
қ (MU)
Бір
бірліктің
бағасы (Р)
Шығынның бір
бірлігіне шекті
пайдалылық (MU/P)
X
8
1500
100
15
Y
20
300
20
15
Z
10
900
60
15
Бір игіліктің шығын бірлігіне келетін шекті пайдалылығы басқалардан көбірек болса,
шығындарды соның пайдасына қайта үлестіру (бөлу) мақсатқа лайықты (сәйкес) болып келеді.
Жаңағы мысал (кесте оны айқын көрсетеді). Барлық сатып алатын игіліктердің шығындар
бірлігіне келетін шекті пайдалылығы тең болғанда (теңескенде),
Достарыңызбен бөлісу: