Экономикалық циклдің қазіргі заманғы теориялық тұжырымдама-лары. Экономикалық циклдің қазіргі теориялары әртүрлі үлгілермен түсіндірі-леді. Олардың
негізгілеріне
іскерлік белсенділік циклі,
«импульс-таралу» механизмі, Самуэльсон-Хикс моделі (мультипликатор-акселератор әсері), бизнес-циклдің неоклассикалық теориялары, жетілмеген (асимметриялық) ақпараттар теориясы, саяси сілкіністер теориясы, нақты бизнес-цикл тео- риялары және т.б. үлгілер жатады.
Макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайларында экономикалық циклді реттеу үшін
мемлекеттің экономикаға араласуының әдістері алуан түрлі болып табылады және олар әр
кезеңде шыңдалып жетілдіріле түседі. Мемлекеттің экономиканың циклдік дамуын
тұрақтандыру бойынша саясатын төмендегі кестеден көруге болады (кесте 11.2). Бұл жерде
мемлекеттің макроэкономика-лық саясат құралдары циклдік толқуларды жұмсарту мақсатында
экономика-ның тұрақтандыру саясатына айналады.