Табыстың салыстырмалы азаюы.
Бір елдің ұлттық табысы басқа елдің табысына
қарағанда салыстырмалы жоғары болса, ол елдің валюта бағамы төмендейді.
3.
Бағаның салыстырмал өзгеруі.
Егер бір елде баға өссе, ал басқа елде қалыпты
болса, онда жергілікті тұтынугылар басқа елдің салыстырмалы арзан тауарларын тұтынады.
Сөйтіп шет ел валюталарына сұранысты көбейтеді. Нәтижесінде ұлттық валюта құнсызданады.
4.
Салыстырмалы нақты пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі.
Қатаң ақша-несие
саясатын жүргізу нәтижесінде инфляцияны ескергендегі нақты пайыз мөлшерлемесі басқа
елдерге қарағанда жоғары болса сол ел инвестициялауға тиімді елге айналады. Нәтижесінде
ұлттық валютаға сұраныс туады.
5.
Алыпсатарлық.
Түрлі жорамалдарға байланысты (инфляцияның өсу қаупі, пайыз
мөлшерлемесінің төмендеуі) тұлғалар ұлттық валютасын басқа қалыпты валюталарға
айырбастауға ұмтылуы сол валютаға сұранысты тудырып, ұлттық валютаға қарағанда
қымбатталады. Құбылмалы валюта бағамының кемшіліктері:
-
Белгісіздік және сауданың нашарлауы.
-
Сауда жағдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының бағамына
төмендегідей жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тәуелді болады.
-
Тұрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |