Манделл-Флеминг үлгісі – тұрақты және құбылмалы айырбас бағамы жағдайларында
жүргізілетін экономикалық саясат нәтижелерін бағалау мақсатында қолданылатын шағын ашық
экономика үлгісі.
Манделл-Флеминг үлгісі бойынша шағын ашық экономика әлемдік экономиканың тек аз
ғана бөлігін құрайды, сондықтан оның дамуы үшін барлық параметрлер әлемдік рыноктан, яғни
сырттан беріледі.
Ашық экономика үшін Манделл-Флеминг үлгісі ең алғаш рет ХХ ғасырдың 60-
жылдарында қалыптасты және ІS-LМ үлгісінің жетілдірілген нысаны болып табылады. Екі үлгі
де қысқа мерзім кезеңін және бағаның тұрақтылығы мен өндіріс көлемінің (жиынтық табыстың)
өзгеруін қарастырады. Олардың айырмашылықтары ІS-LМ жабық экономиканы, Манделл-
Флеминг ашық шағын экономиканы қарастырады.