капиталдың шекті өнімі – капиталды пайдаланудың бірлікке өзгеру нәтижесінде
фирма жиынтық өнімінің өзгеруі. Бұл капиталдың еңбекпен ауысу барысында шекті өнімінің
өсіп, ал еңбектің шекті өнімі түсетінін, яғни капитал бірлігінің қайтарымы өсіп, еңбек бірлігінің
қайтарымы түсетінін білдіреді. Демек, MRTS
LK
шамасы төмендейді де, изокванта түзеледі.
Сәйкес ахуал капиталды еңбекпен ауыстырғанда пайда болады. Бұл құбылысты классикалық
мысалдың көмегімен көрсетуге болады: өнімнің белгіленген көлемін өндіру үшін еңбек
бірліктерінің біршама саны және капитал бірліктерінің біршама саны қолданады. Капиталды
еңбекпен ауыстырғанда (станоктар санын көбейтіп, жұмыскерлер санын қысқартқанда),
капитал бірліктерінің өнімділігі (қайтарымы) азаяды, ал еңбек бірліктерінің (жұмыскерлердің)
өнімділігі өседі және керісінше. MRTS
LK
= (– ΔК/ ΔL) (МР
L
/МР
K
) теңдігінен шығатын екінші
маңызды түйін: изоквантаның кез келген нүктесінде бір фактордың екіншісімен ауысуының
шекті нормасы осы нүктедегі изоквантаға жанаманың еңкіштігіне тең. MRTS
LK
маңызына
байланысты өндірістік функциялардың әр түрлерін айырады:
1. Егер өндіріс факторлары мүлде өзара ауыстырылатын, яғни бірі екіншісін толық
ауыстырса (мысалы, балмұздақты сатушы немесе автомат арқылы сату), MRTS
LK
маңызы = 1
және де изоквантаның барлық нүктелерінде тұрақты түрде изокванта тура сызық түрде болады
(48-а суреті).
2. Егер өнідіріс факторлары мүлде өзара ауыстырылмайтын болса, MRTS
LK
маңызы = 0,
изокванта 2 перпендикуляр кесіндіден тұрады.