2. Өндірістің кез келген технологиясы өнімнің тапсырылған көлемін өндіру үшін екі
фактордың ең аз жиынын сипаттайтын нүкте түрінде графикте көрсетілуі мүмкін. Осы
нүктелерді қосып өндірістік функцияны бейнелейтін қисық сызығын (изоквантаны) – isoguanta
аламыз.
Изокванта – бірдей (тұрақты) шығару көлемін беретін өндірістің екі факторының барлық
мүмкін амалдарын көрсететін қисық сызық.
K
3
2
1
L
1 2 3
46 сурет . Изокванта
Еңбек пен капитал санының әр түрлі амалдарында изоквантада орналасқан кез келген
нүктеде өндірістің бір ғана көлемі жетіледі. Изоквантаны салу тұтыну теориясындағы
парықсыздық қисық сызығын салумен методологиялық жағынан бірдей. Олар анықтама
жағынан да жақын: парықсыздық қисық сызығы тұтынушының бірдей (ең жоғары) пайдалылық
деңгейімен тауар таңдауының балама нұсқаларын көрсетеді, ал изокванта бірдей (ең жоғары)
шығару көлеміне жетудің өндіріс факторлар шығындарының балама нұсқаларын.
Факторлардың кез келген жинағында өнімнің ең жоғары шығаруын көрсететін изокванталар
жиынтығы (47 сурет).