Табыс әсері: егер жеке адам пайыздық мөлшер төмендегенде болашаққа жинақтау жасаса,
ол кедейлеу болады, өйткені ол несие беріп тұрған адамдар оған ақшаны аздау төлейді.
Ағымдағы тұтыну дұрыс тауар болғандықтан, табыстың бұндай төмендеуі ағымдағы
тұтынудың азаюына әкеліп, жинақтар көбееді. Пайдасын білетін адам пайыздық мөлшер түссе
де, өз жинақтарын көбейтуге тырысады. Мына ахуал да болуы мүмкін – «мақсатты
жинақтаушы», яғни мақсатпен жинақтау жасайтын тұлға. Пайыздық мөлшердің төмендеуі оған
ұнамаса да,
өз мақсатынан тайып, ағымдағы тұтынуға толық көшпейді.
Кредит (несие) алатын жеке адамда пайыздық мөлшерінің төмендеуі тура қарама-қарсы
әсер туғызады: мұнда ағымдағы тұтынуды көбейтетін табыстар әсері басым болады. Ал ауысу
әсері бұл ахуалда мүлде көрінбеуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: