жинақтау теориясы
болып табылады. Үй шаруашылықтар капитал ұсынысының талдауы
үшін өмірлік цикл (кезең) теориясы пайдаланады. Ф.Модильяни ұсынған бұл үрдістің алғы
шарты ретіндегі ереже: табыс пен тұтыну барысында тура байланыс жоқ (бұл тұтынуды
табыстың тура функциясы ретінде сол кездегі қалыптасқан кейсиандық теорияға қайшы келеді).
Ф. Модильянидің пікірі бойынша, жинақтарға, тура табыстарды санамағанда, басқа да
факторлар ықпал жасайды, бірінші кезекте – үй шаруашылықтар өткенде алған және келешекте
алуға жоспарлаған табыстар. Тұтыну теориясының методологиясын қайта пайдалана отырып,
мына мысалды қарайық.
Жеке адамның белгіленген уақыт ішінде алатын пайдалылық осы кезеңде тұтынған әр
түрлі тауарлардың санына байланысты. өмірлік кезең моделі (үлгісі) пайдалылық мәселесін
кеңейтілген тұрғыдан қарайды. Оған сәйкес, жеке адам барлық өмірінің ішінде алған
пайдалылықтардың жалпы саны әр кезеңде алған пайдалылық шамасынан тәуелді. Бұнда 2
кезеңді айырады: қазіргі және болашақ. Егер жеке адам қазіргі уақытта жұмыс істеп, жалақы
алса, бұл кезең
Достарыңызбен бөлісу: |