3. Олигополиялық нарық
– оның сипаттамалары: нарықтағы фирмалардың шектеулі
саны (әсер, ықпал аяларын бөліп алған), өндіріс шоғырлануының жоғары деңгейі, кіру
кедергілердің бары, бір түсті (таза олигополия) немесе бөлінетін олигополия, фирмалардың
стратегиялық бағыттылығы.
4. Монополиялық бәсекелестік нарығы
– бір жағынан нағыз бәсекелестікпен, екінші
жағынан – монополиямен бірдей сипаттары бар нарық құрылымының түрі (тұрпаты). Оның
негізгі белгілері: сатушылардың көптеген саны, олар жағынан бақылаудың аздығы, кіру
кедергілердің жоғы, өнімдердің әр түрлілігі, стратегиялық бағыттың жоқтығы. Олигополия мен
монополистік бәсекелестікті нарықтың жалпы атауын жетілмеген бәсекелестік деп айтуға
болады. Нағыз бәсекелестік пен монополия кейде кездеседі (мысалы, бағалы қағаздар нарығы
мен ауыл шаруашылық өнімдер нарығын бәсекелес деп айтуға болады, ал монополия ретінде
қоғамдық пайдалану кәсіпорындары саналады). Әр нарық жағдайларындағы фирмалардың
қызметі мен тәртібі әр түрлі. Осыған байланысты жетілген бәсекелестік монополия,
монополистік бәсекелестік және олигополия жағдайларындағы фирмалардың қызметін,
нарықтық тәртібін талдауының мәні бар.
3.
Жетілген бәсекелестік жағдайда қызмет жасайтын фирманы сұраныс пен ұсынысты
талдау тұрғысынан қарайық.
Достарыңызбен бөлісу: |