Сонымен, бәсекелес фирмалар өнімдерін өздері қойған бағамен сата алмай, нарықта
белгіленген бағамен сатуға мәжбүр болады, яғни олар «айтқан бағаны қабылдайды» (price
taker). Бәсекелестік нарықта фирма сондағы бағаларға бейімделеді. Жетілген бәсекелестік
жағдайда
фирма өніміне сұраныс икемді.
Ол өнімнің біртүрлігімен (стандартталуымен) және өнімнің әр бірлігінің бағасы
бірдейлігімен себептеледі (түсіндіріледі). Демек, фирма өніміне деген сұраныстың қисық
сызығы абцисс осіне жарыспалы түзу сызық болып келеді. Бірақ бұл тұтастай нарық
сұранысына таралмайды.
P P
S
64 сурет. Нарық сұранысы (а) және жетілген бәсекелестік жағдайдағы фирма өніміне
деген сұраныс (б)
Сонымен, жетілген бәсекелестік жағдайда фирма пайдасының көбеюі тек қана өндіріс
(ұсыныс) көлемін таңдаумен байланысты. Өндірістің қандай көлемі фирмаға ең жоғары
пайданы қамтамасыз етеді? Микроэкономикада пайданы көбейтудің 2 қағидасы белгілі: