Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет219/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

Н.  и.  Веселовский:
 
«Шоқан  Уәлиханов  шығыстану  ғылымында 
аққан жұлдыздай жарқ еттi де жоқ болды»
, – деп жазды. 
Шоқан  Уәлиханов  Қазақстан  мен  Орта  Азия  халықтарының  тари-
хы мен мәдениетiн зерттеуге орасан зор үлес қосты. Аса көрнектi қа зақ 
ғалымы  өте  ауқымды  ғылыми-шығармашылық  мұра  қалдырды.  Оның 
«Абылай»,  «Қырғыздар  туралы  жазбалар»,  «Ыстықкөл  күн делiктерi», 
«Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы» т.б. еңбектерi өте құнды сана-
лады. Шоқанның қазақтың, сондай-ақ Орта Азия халықтарының өмiрiнен 
салған  суреттерi  сақталған.  Ол  қазақтың  алғашқы 
кәсiби суретшiлерiнiң бiрi.
Ш.  Уәлиханов  өз  ғұмырының  ең  соңғы  күнiне 
дейiн өз Ота нын жан-тәнiмен сүйген нағыз 
патриот 
болды.  Оның  еңбектерiн  бүкiл  дү ниежүзi  жоғары 
бағалады. Бүгiнгi ұрпақтары оған деген зор құр мет-
тiң белгiсi ретiнде Қазақстан қалаларының бiрнеше көшесiн Шо қанның 
есiмiмен атады. Оған арнайы ескерткiштер орнатылған.  Ондай ескерткiш 
есіңе түсір!
Черняев әскері 
экспедициясының 
мақсаты қандай еді?
С. Мұқанов Шоқан Уәли -
хановқа арналған шығар-
масын неліктен «Аққан 
жұлдыз» деп атады?


180
Омбы қаласында да бар. Көкшетау мемлекеттiк уни -
верситетiне Шоқанның есiмi берiлген. Онда «Уәли-
ханов оқулары» деп аталатын халықаралық ғылыми 
конференциялар  үнемi  өткiзiлiп  тұ рады.  Шоқан 
Уәлихановтың өмiрi мен қызметi егемен елiмiздiң 
жастары үшiн тамаша үлгi-өнеге.
?
1. Сен дер  атақты ғалым туралы қандай көркем әдебиет оқыдыңдар? 2. Кар  та дан 
Шо қан ның экспедицияға барған бағыттарын анықтаңдар. 3. Шоқан Уәлихановтың 
Қазақстан тарихында алатын орны қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет