Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


  Омбыда  оқуда  болған  жылдары.  1847



Pdf көрінісі
бет215/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

2.  Омбыда  оқуда  болған  жылдары.  1847 
жылы  Шоқан  Омбы 
кадет  
корпусына
 оқуға түстi. Бұл оқу орны Сiбiрдегi жоғары бiлiктi мұ ғалiмдер 
жинақталған, таңдаулы оқу орындарының бiрi болатын. Шо қан алғашқы 
жылдан  өзiнiң  оқуға  қабiлетi  мен  бейiмдiлiгiн  танытты.   Ол  әскери 
пәндердi,  сондай-ақ  жалпы  білім  беретін  басқа  да  пәндерді  және  шет 
тілдерін зор ынта қо йып, құмарта оқыды. Осында жүрiп те шығыс тiлдерi 
саласындағы бi лiмiн елеулi түрде тереңдете түстi. Ол орыс тiлiн тамаша 
меңгердi. Қо сымша әде би еттердi көп оқыды. Кадет корпусының басшы-
лары оған болашақтағы зерттеушi-шығыстанушы ре тiнде қарай бас та ды. 
Омбыда  Шоқан  география,  шығыстану,  философия,  тарих  жайын дағы 
басылымдардан бай кiтапхана құрап алды. Омбыда болған кезiнде орыс 
зиялыларымен байланыста болуы Шо қанға оң әсер еттi.
Кадет корпусында Шоқанмен бiрге оқыған С. Я. Капустин ол ту ралы: 
«Шоқан көрiктi, аса сымбатты болды... бет әлпетi оның қа йырымдылығы 
мен бекзаттығын айқын танытып тұратын. Шоқан өз кезеңiнiң жан-
жақты,  аса  терең  бiлiмдi  адамы  болды.  Әсiресе  оның  та рихи  бiлiмi 
Аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов қазақтың игi жақсыларымен бiрге


177
зор  болды  және  ғылым  мен  әдебиет  саласында  да  зор  бiлiмдiлiгiмен 
ерекшеленетiн.  Шоқан  өз  ойын  бейнелеп,  тартымды  жеткiзе  бiлетiн 
асқан шешен бола тын»
, – деп жазды. 
Шоқан кадет корпусында белгiлi ғалым, географ 
және Азияны зерт теушi Г.Н. Потанинмен бiрге оқып, 
достасып кеттi.
Шоқан аса көрнектi орыс және шетел ақындары 
мен жазушыла ры А. Пушкиннiң, М. Лермонтовтің, 
Н.  Гогольдiң,  Ч.  Диккенстiң  жә не  басқалардың  шығармаларын  зор 
сүйiспеншiлiкпен қызыға оқыды. 
Шоқан  кадет  корпусын 
корнет
  шенiмен  бiтiр ген  нен  кейiн  Сi бiр 
казак  әскерiне  қызметке  жiберiледi.  Көп  ұзамай  Ба  тыс  Сiбiр  гене рал-
губернаторының 
адъютанты 
болып  тағайын  дал ды.   Қызмет  орнында  Шо -
қан Сiбiрдiң отаршыл шенеуніктерімен  бетпе-бет келiп, өкiметтiң заң сыз 
әрекеттерiне қат ты кү йiндi.  Өкi мет орын дарының озбырлығы жайлы дос тары 
Ф.М. До с тоевскийге, А.Н. Май ковқа, К.К. Гутковскийге, В.С. Ку   роч кинге 
ызалы хат  тар  жазды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет