Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


  Шоқан  уәлихановтың  ғылыми  зерттеулерi



Pdf көрінісі
бет216/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

3.  Шоқан  уәлихановтың  ғылыми  зерттеулерi.
  Тамаша  бiлiм  алып 
шыққан  жас  ғалым  түрлi  ғылыми  экспедицияларға  белсене  қатысты.  
Бұл  жөнiнде  ол  Омбыда  оқып  жүрген  жылдарында  армандайтын.  Қа-
зақ  даласын  және  онымен  шегаралас  жатқан  елдердiң  аумағын,  он-
дағы халықтардың тарихы мен жағдайын жақсы бiлетiн Шоқанға орыс 
зерттеушiлерi де қатты қызығып, оның көмегiне мұқтаж бо ла тын. 
1855 
жылы Шоқан Батыс Сiбiр генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық 
Қазақстан, Тарбағатай мен Жетiсу жерiне жасаған сапарына қатысады. Бұл 
сапарда қарапайым халықтың өмiрiмен та нысып, қазақ пен қырғыздардың 
тарихи аңыз әңгiмелерi мен жырларын  жа зып алды.
Ш. Уәлиханов аса көрнектi ғалым, белгiлi географ П.П. Семенов-Тян-
Шанскиймен танысты. Ол жас қа зақ ғалымның қабiлетiне шын ниетiмен 
сүйсiне қай ран қалды. 1857 жылы П.П. Семенов-Тян-Шанскийдiң ұсы-
нуымен Ш. Уәлиханов Орыс география лық қоғамының толық мүшелiгiне 
қа былданды. Шығыс Қазақстан мен Жетiсуға, қырғыз елiне жасаған са-
пары Шоқанның ғалым ре тiн дегi даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан 
Алатау  қырғыздарына  са пар  шегiп,  оның  тарихын, 
этнография сын және халықтық поэзия сын зерттедi. 
Қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Ма-
нас ты» жазып алды.
1858–1859 
жылдары  Шоқан  атақты  Қашғария 
сапарына  барып  келді.  Шоқанға  дейiн  ол  өлкеде 
бiрде-бiр  зерттеушiнiң  барып  қайтуға  сәтi  түспеген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет