Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


ШОҚАН уӘлиХАНОВ – ҚАЗАҚТың АСА КөрНЕКТI



Pdf көрінісі
бет214/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

ШОҚАН уӘлиХАНОВ – ҚАЗАҚТың АСА КөрНЕКТI 
ғАлыМы ӘрI АғАрТуШыСы
Қазақ  халқының  аса  көрнектi  ғалымдары  мен  ағар ту шыла ры ның 
бiрi Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов болды.
1. Шоқанның жастық шағы.
 Шоқан Уә лиханов 
1835 
жылы 
Құс мұ  рын 
бекiнi сiнде дү ние ге келген. Оның шын 
аты  Мұхамед ханафия,  еркелетіп  Шоқан  деп  атаған. 
Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құс мұрын 
мен Сы рымбетте өттi. 
Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетiне 
жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан айбынды қазақ 
билеушiлерiнiң бiрi болды. Ал атасы Уәли патша үкiметi ресми түрде бе -
кiткен қазақтың соңғы ха ны едi. Әкесi Шыңғыс Омбы әскери учи лищесiн 
бiтiрген,  Көкшетау  сыртқы  окру  гi нiң  аға  сұлтаны 
лауазымды қызметiн ат қар ған. 
Шоқанның анасы жағынан туыс наға шы  ла ры  да 
осал емес – Баян ауыл өлкесiн дегi атақ ты 
Шорманов-
тар
  әулетi  болатын.  Ол  бала  кезiнен  бiлiмге  бейiм 
әрi  құ мар  болған.  Шоқан  тарихи  аңыз  әңгi мелерге 
ерте  бастан-ақ  қызыққан.  Ол  жастайынан  дана гөй 
билердiң  әңгiмелерiн,  ақындардың  өлең-жыр ларын 
зор ықыласпен тыңдап өстi. Оған тәр бие беруде сұлтан 
әулетiнен шыққан әжесi Айғанымның ықпалы күштi 
болды.  Ол  жас  Шоқанға  ежелгi  қазақ  аңыздарын, 
мақал-мәтелдерi  мен  даналық  сөздерiн  жиi  айтып 
отыратын.  Шоқан  Құсмұрындағы  мектеп те  оқып,  ислам  дiнi  iлiмiмен 
танысты. Араб, парсы, шағатай тiлдерiнiң негiзiн үйренiп алды. 
Ол сурет салуды да ерте меңгердi. Бұл өнердi оған 
орыс сурет шi лерi, топографтары мен геодезистерi үйрет-
тi.  Олар  Уәлихановтардың   отбасында  жиi  болып  тұра-
тын. Болашақ ғалымның дүниеге көзқара сының қалып-
тасуына жиi-жиi қонаққа келiп тұратын орыс зиялылары 
мен зерттеушілері де  ықпал еттi. Олар бәрiн бiлуге құмар жас баланың 
бойында ғылым ға, әдебиет пен өнерге деген құштарлықты күшейте түстi.
тірек сөздер:
•  Декабристер
•  Кадет корпусы
•  Қашғарияға  
сапар
Шоқан Уәлиханов
Ш. Уәлихановтың 
азаматтық тұлға сына 
сызба жасаңдар.


176
Шоқан жас кезiнен халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiне ерекше ден  
қойды. Ол бала кезiнiң өзiнде «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Ер Көк ше» 
сияқты басқа да дастандардың бiрнеше нұсқасын жазып алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет