185
басқарушылары мен ауыл старшындарының
сайлауына қатысып жүрдi. Ол сайлау кезiнде
дауысты сатып алудың, парақорлық пен қиянат
жа саушылықтың орын алуына жол бермеу-
ге тырысты. Бұған риза болмаған жергілікті
шенеуніктер оның үстiнен об лыстық басқармаға,
әскери губернаторға және одан әрi Iшкi iстер
министрлiгiне шағым жасады. Оны 1868 жылғы
«Уақытша ережеде» белгiленген сайлау тәртiбiн
бұзды деп айыптады. Ы. Алтынсарин қа рапайым халықтың қамын ой-
лады. Ол өзiнiң парасатты мiнез-құл қы және
барынша адалдығы, халық
алдындағы атағы мен беде лi нiң арқасында ақталып шықты. Халық ал-
дында сөйлеген сөздерiнде патша үкiметiнiң отаршыл аграрлық саясатын
ашық сына ды. Патша үкiметi шенеунiктерiнiң озбырлық iс-әрекеттерiн,
олардың жергiлiктi қолшоқпарларын айыптады. Мәселен, ол 1864 жыл ғы
хатында былай деп жазды:
«Қызмет бабы бойынша
мен байлармен жиi қақтығысып қаламын. Маған
жамандық ойлайтындар лауазымды адамдар ара-
сында да бар. Олар қорғансыз кедейлердi арсыздықпен
та лап-тонауда...»
Ы. Алтынсарин патша үкiметiнiң жергiлiктi ха-
лыққа қысым жа сайтын жүгенсiз саясатын айыптап
отырды. Оған 1880 жылы «Оренбургский листок»
Достарыңызбен бөлісу: