Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрілігі


Негізгі əдебиет  1 нег.  [54-67], 2 нег. [109-119]



Pdf көрінісі
бет43/90
Дата19.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#129510
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   90
Байланысты:
Копия baigazieva kasipshilik umk kz

Негізгі əдебиет  1 нег.  [54-67], 2 нег. [109-119]

Қосымша əдебиет  1 қос.  [192-194]

Бақылау сұрақтары:

1 . Гамма-каротаж неге негізделіп жүргізіледі?

2 . Гамма-кванттардың заттармен араласу түрлерін атаңыз?

3. Табиғи радиоактивтілік дегеніміз не?

4. Радиоактивтілік ыдырау дегеніміз не?

5. I


g

 көрсеткішіне ерітінді радиоактивтілігі мен шегенделмеген ұңғыма диаметрі

қалай əсер етеді?

8 дəріс.  Гамма – гамма əдістер (ГГК). Шашыранды гамма сəулелену

əдісі. Əдістің физикалық негізі мен шешілетін мəселелер

Гамма – гамма əдістер (ГГК).

 Тау жыныстардағы шашыранды жасанды

гамма – сəулелердің қарқындылығын өлшеуге негізделген. Гамма кванттар көзі

ретінде  сəулелену  энергиясы 20 кэВ – 1,3МэВ  аралығындағы  радиоактивті

изотоптар  қолданылады. Осы  аралықта  бізге  гамма  кванттардың  заттармен

əрекеттесуінің 2 түрі белгілі: фотоэффект нəтижесінде комптондық шашырауы

мен жұтылуы болады 0,5 МэВ жоғары  энергия кезінде фотоэффект болмайды.

ГГК-дағы  шашыранды  гамма  кванттар I

γγ

саны  негізінен  таужыныстардың



тығыздығына  σ, ал  олардың  жұтылуы – оның  тиімді  атом  ретіне  Ζ

эф

  жəне




37

тығыздықтың  төменгі  дəрежесіне  тəуелді. ГГК  ұңғымалық  аспабының  блок

сұлбасы 8.2 суретте келтірілген.

8.1 сурет– Гамма кванттардың заттармен əрекеттесуі.

6 жəне 7 гамма – кванттар 2 сəуле  көзінен  шығып 1 қорғасын  немесе

болат  экрандағы  арнайы  коллимациялық  тесік  арқылы  жынысқа  түседі  жəне

онымен  шағылып  бағытын  өзгертеді. Жуу  сұйықтығының  əсерін  аспапты

ұңғыма қабырғасына қосатын қондырғы 8 арқылы болдырмауға болады.

ГГК-дың екі түрлі тəсілі бар −тығыздықты ГГК-П жəне селективті ГГК-С.

ГГК-П  əдісінде  гамма-сəулеленудің  сəулелі  жəне  тіркеуші  энергетикалық

диапазондары  комтон-эффекттің  ауданына  жатады. Нəтижесінде  екі  еселенген

гамма-сəулеленудің  қарқындылығы  заттың  тығыздығымен  көрсетілген  жəне

атом  санына  тəуелділігі  көп  емес (химиялық  құрамынан). ГГК-С  əдісі  екі

еселенген  гамма-сəулеленудің  жұмсақ (төмен  энергиялық) бөлігінің  тіркеуіне

негізделген, оның  қарқындылығы  ең  алдымен  заттың  атомдық  санына, яғни

химиялық  құрамына  негізделген. ГГК-С – ны  іске  асыру  үшін  төмен  энергия

көздерін  қолданады, мысалы,  52 жəне 84 кэВ  энергия  квантын  шығаратын,

тулий немесе тек жұмсақ гамма-кванттарды тіркеуге мүмкіндік беретін арнайы

басты (пороговые

)

  құралдар  тығыздықтың  əсерін  қос  зондылы  құралдар

арқылы жояды немесе ГГК-С жəне ГГК-П кешенді қолданыс есебінен ескереді.

Тіркеуші  сəулеленудің  қарқындылығының  тығыздық  жəне  атом  саны

тəуелділігінен заттар инверсиялық сипатқа ие, яғни тығыздықтың немесе тиімді

атом  санының (Zэф) өсуінен  екі  еселі  сəулеленудің  қарқындылығы  гамма-

кванттардың (фотоэффект) сейілген бөліктері заттың жұтылуынан азаяды.

ГГК – зонд  ұзындығы (өлшеу  тереңдігі) аз, сондықтан  олардың

көрсеткіштеріне  каверналар  мен  сазды  қабыршақтар  көп  əсер  етеді. Осы

себепке  байланысты  тау  жыныстарының  параметрлерін  анықтау  мақсатында

шегенделген ұңғымаларда қолданылмайды.



38

8.2-сурет. ГГК  ұңғымалық  аспабының  блок  сұлбасы. 1-экран; 2-сəуле  көзі; 3- детектор; 4

электронды блок; 5-кабель; 6,7-шағылған гамма кванттар; 8-қысатын қондырғы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет