4. Каверномердің құрылысын айтыңыз.
61
14 дəріс. Мұнай-газ кен орындарын игерілуін бақылайтын
геофизикалық əдістер
Мұнай газ кен орындарын игеру процессін геофизикалық əдістермен
келесідей мəселелерді шешуге болады:
1. Мұнай-су, газ-мұнай, газ-су жапсарларының орын ауыстыруын жəне
алғашқы орналасқан жерін (тереңдігін) анықтау, мұнай мен газды койнауқаттан
сумен ығыстыру кезінде немесе басқа да тəсілдермен əсер еткенде
жылжуларын бақылау;
2. Қабатқа айдамаланған судың жылжу фронтын (алдыңғы бағытын) бақылау;
3. Тұщы жəне минерализацияланған сумен өнімді қабаттардың сулануын жəне
ұңғымаға судың келген орнын белгілеу;
4. Құбыр сыртындағы кеңістікке немесе мұнай, газ ағынының жəне қабат
суының бір қабаттан екінші қабатқа өтуін анықтау;
5. Қабаттың мұнай беру бағасын жəне мұнайды ығыстырудың соңғы
коэффициентін анықтау;
6. Қабаттың сіңіру мен беру профилін анықтау;
7. Ұңғыманың дебитін бағалау;
8. Флюидтер құрамын жəне т .б анықтау.
Ұңғыманың дебит көрсеткішін жəне дебит профилін анықтау
дебитометрия жəне расходометрия мəліметтері бойынша арнайы ұңғымалық
аспаптармен анықталады.
Ұңғымаға түсетін флюидтердің құрамы арнайы аспаптармен анықталады,
олардың жұмыс жасау принципі сұйықтықтың электрлік, жылулық жəне
тығыздық қасиеттеріне негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: