1. Мұнай қанықтылық коэффициентіне анықтама беріңіз.
67
15.1 сурет-Бүйірден атылатын
«грунтонос» сұлбасы.
15.2 сурет- Дискілі «грунтонос»
сұлбасы (Р.Дебранд бойынша)
Мұндай «грунтонос» оқпаны бірнеше қуыстары бар көлемді корпустан
тұрады. Əрбір қуыстардың артында оқ-дəрі салынған қалыптар орналасқан. Оқ-
дəрі қалыптарында электрлік тұтандырғыш бар. «Грунтонос» кабелге жалғанып
керекті тереңдікке дейін түсіріледі. Электрлік тұтандырғыш арқылы электр
тоғын жібереді, ол оқ-дəрісі бар қалыпты жандырады. Жарылыс болып
оқпанна шаппа (боек) ұшып шығып ұңғыма қабырғасына қадалады, оның іші
тау жыныстарымен толады. Шаппа жынысқа терең кірмейтіндей (тау
жыныстарының қатталағына байланысты 0,5÷6гр оқ-дəрі қолданады) бəрі
есептелінеді. Жарылыстан кейін кабелді лебедкаға орайды «грунтонос»
көтеріліп шаппаны ұңғыма қабырғасынан суырып алады. Бір «грунтонос»
оқпанында 10-нан 30-ға дейін қуыстар болады. Осындай атылатын «грунтонос»
түрлерінен басқа атылмайтын (сверлящие и фрезерующие) түрлері де болады.
Мұнай жəне газ ұңғымаларында ұңғыма қабырғасынан алынған үлгілер
бойынша геофизикалық мəліметтерді талдауды нақтылайды, қабаттардың
мұнай қанықтылық жəне олардың коллекторлық қасиеттері жайлы нəтижелерді
тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: