Ұңғымада геофизикалық зерттеулер арнайы құрылғылар көмегімен жүргізіледі.
69
құрамасы жатады. Мəліметтер ұңғымалық жабдықтан жоғарыға геофизикалық
диаграмма болып шығады. Мəліметтердің тереңдігі тіркелген аралыққа сəйкес
болып, сол аралықтың геофизикалық параметрін көрсетеді.
Кешенделген жəне жинақталған ұңғыма жабдығы көп каналды
телеөлшеуші жүйені қолданудың арқасында, аспапты бір түсіріп-көтеру
арқылы бірнеше физикалық параметрлерді тіркеуге мүмкіндік береді.
Ұңғыма жабдықтары жоғары қысымда (120 МПа дейін), температурада
(250º), ішкі ортаның химиялық агрессивтігінде ( тұздардың, мұнай мен газ
ерітіндісінде) жұмыс істейді. Ұңғыма бойымен қозғалғанда олар механикалық
қозғалысқа ұшырайды. Ұңғыма жабдықтарын ұңғыма сағасына көтеріп- түсіру
подъемниктің, кабельдің, ілінген жəне бағыттаушы роликтердің көмегімен
жүргізіледі.
Кабельдің түрі мен ұзындығына қарай мөлшері мен конструкциясы
əртүрлі лебедкалы полъемникті қолданады. Лебедка подъениктің арнайы
металл кузовында орналасқан, ол өздігінен қозғалатын құрылғы. Кабельді
көтеріп-түсіру лебедканың көмегімен іске асады. Лебедканың барабаны
тежеуішпен қамтамасыз етілген. Қозғаушыдан барабанға келетін беріліс
кабельдің көтеру жылдамдығын 40-1000 м/сағ диапазонында өзгертуге жəне
кабельді баяу түсіруге мүмкіндік береді. Подъемниктің лебедканы басқаруға,
оның кабелін түсіріп-көтеруге мүмкіндігі бар жəне онда кабельдің қозғалу
жылдамдығын, түскен тереңдңгң мен ауырлығын өлшеуші жабдықтар
орналасқан. Сонымен бірге, жарықтық сигнализация мен екі жақты байланыс
(бұрғылау мен лаборатория аралығында), кузов пен ұңғыма сағасын
жарықтандыратын құрылғы жəне т.б. геофизикалық зерттеудегі монтаждық
жұмыстарды жүргізу үшін əртүрлі жабдықтар орналасқан. Геофизикалық
зерттеулер процесінде аспаптың тереңдігі, оның ұңғыма бойымен қозғалу
жылдамдығы мен кабельдің ауырлығы туралы мəлімет белгілі болуы керек.
Одан басқа, ұңғыма бойымен қозғалған аспаптың тереңдігі, өлшенген
геофизикалық параметрлердің қисығы диаграммаға сəйкес келуі керек.
Бұл бағыттаушы жəне ілінген роликтердің тереңдікті, ауырлықты
көрсететін құрылғын қабылдау арқылы іске асырылады.
Блок-баланс кабельді ұңғымаға бағыттаушы жəне ілінген роликтен
тұрады. Олар ұңғыма сағасының үстіне жəне бұрғы жабдығымен ротор столына
қыстырылған құрылғы.
Каротаж станцияларындағы кабельдің қозғалуын бақылаушы барлық
аспаптар арнайы бақылау панелінде орналасқан. Олардың негізгі элементтері
төмендегіше:
1. тереңдік санағыш- ондық нумератор;
2. кабель қозғалысының жылдамдығын көрсеткіш- сельсин-қабылдағыштың
валына орналасқан фотодиодты беріліс.
3. кабельдің ауырлығын көрсеткіш- ауырлық беріліс.
Геофизикалық кабельдер зерттеулерді, ату-жару жұмыстарын жəне əр
тығыздықта, əр құрамда, əр температурада, əр қысымда сұйықпен не газбен
70
толған ұңғымадан тау жыныстарынң үлгісін алу жұмыстарында аспаптарды
көтеріп-түсіруге арналған.
Кабель арқылы ұңғыма аспабына қорек беріледі жəне өлшенген
сигналдар жер бетіндегі қабылдаушы аспаптарға беріліп, олар сонда тіркеледі.
Сонымен бірге, кабельді ұңғымадағы аспаптың тереңдігін анықтау құралы
ретінде қолданылады.
Геофизикалық
параметрлерді
тіркеу- өлшенген
өлшемдерді
материалдық түрге келтіріп, сақтау үшін жүргізілетін символдық мəлімет. Ол
аналогты жəне цифрлі тіркеу болып бөлінеді. Аналогты тіркеу өлшенген
өлшемдердің өзгерісін график түрінде (қисық, геометриялық жатыс не кескін
түрінде) көрсетеді. Мұның дəл өлшеуге, бөгеттерді ұстаудағы əлсіздігіне жəне
алынған мəліметтерді өңдеп-талдау үшін компьютерге енгізуге байланысты
кемшілігі өте көп. Осы кемшіліктердің орнын цифрлі тіркеу толтырады. Цифрлі
тіркеу өлшенген өлшемдердің физикалық белгілерін сандар не əріптер
кодымен (қағаз, магнит лентасы не проволка) көрсетеді. Бұл əдістің үлкен
артықшылығы- мəліметтерді
компьютерге
енгізу
өте
ыңғайлы,
автоматизацияны
толық қамтып, жұмыс өнімділігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: