Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет140/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

сыз ететін саласының бірі. Өйткені ауыл шаруашылығы өндірісін-

де халықтың 20 пайызына жуығы жұмыс істейді. 

Пандемия  уақытында  ел  азық-түлік  мəселесіне  бас  қатырып 

отырғанда,  еліміздегі  ең  ірі  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  ор-

тасы  болып  табылатын  Түркістан  облысы  Мақатарал  ауданында 

су тасқынына байланысты 7639 гектар егістік алқабын су шайып 

кетті. Диқандар жалпы көлемі 4,1 млрд теңге көлесінде шығынға 

батқан.  Аудан  бойынша  11  елді  мекеннің  егістік  алқаптарын 

су  шайып,  жалпы  мыңнан  астам  ауыл  шаруашылығы  тауар  өн-

дірушілер тізімі жасалған. Бұл жағдайлар да пандемия уақытында 

жергілікті халыққа жығылған үстіне жұдырық болды. Сондай-ақ 

дəл  осы  Түркістан  облысында  300  мың  тонна  қырыққабат  өнімі 

пандемияға байланысты экспортқа шыға алмай, шаркқожалықта-

ры шығынға ұшыраған болатын. Көрсеткен мəліметтерім бойын-

ша биылғы 2020 жылы жалпы шаруалар үшін, əсересе халықтың 

басым көпшілігі ауыл шаруашылығымен айналысатын Түркістан 

облысы  сияқты  аумақтарда  пандемияның  тұрмысқа  да  шару-

ашылыққа да кері əсері айтарлықтай байқалды.    

Ауыл  шаруа шылығы  министрлігінің  мəліметі  бойынша,  2020 

жылы  33,1  мың  тонна  ел  аймақтарындағы  тұрақтандыру  қор-

ларында,  154,6  мың  тонна  қоймаларды,  311,4  мың  тонна  сауда 

желілерінде, осы көрсеткіштерді қоса есептегенде 708,5 мың тон-

на елімізде азық-түлік қоры бар. 

Дегенмен еліміздегі əлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік тау-

арларының бағасы 2020 жыл басынан 5,7 пайызға өскен. Күнделік-

ті тұтынатын пияз, сəбіз, қант, сары май, картоп сияқты азық-түлік-

тер 20 пайызға дейін қымбаттаған. Министрліктің айтуы бойынша 

негізінен маусымдық ерекшелік, кедендік баж салығының əр түрлі 

азық-түлік  түрлеріне  енгізілуі  жəне  пандемияның  тікелей  əсерін 

айтады.

Жаһандық пандемия мен оған қарсы елімізде жүргізіліп жатқан 

шаралар жалпы жағдайды сарапшылар болжағаннан тез ушықты-

рып жіберді. 2020 жылы жəне алдағы уақытта өткен екі локдауннан 

кейін əлеуметтік – экономикалық жағдай қазіргіден де төмендеуі 

мүмкін.  Нақты  тоқталатын  болсақ,  бірінші  пандемия  уақытын-

да  тауар  тасымалындағы  кедергілер  мен  шектеулер.    Екіншіден 

карантин  күшейген  уақытта  өнеркəсіп  орындарындағы  жұмыс-

шылардың вирус жұқтыру қаупінен қорқып, жұмыс істеуден бас 



163



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет