Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет142/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

мер  көктемгі-егіс  жұмыстарына  70  млрд  теңге  алды.  Қосымша 

бюджеттен  400  млрд  теңге  бөлінді.  Оның  100  млрд  теңгесі  ТЖ 

режимінің енгізілуіне байланысты Президенттің тапсырмасы бой-

ынша аграрияларға егіс жұмыстарын жүргізу үшін берілген.

Сондай-ақ  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  форвардтық  сатып 

алуды жүзеге асыру бойынша жұмыс басталды. 24,5 млрд. теңге 

көлемінде  қаражат  бөлінді.  Форвардтық  сатып  алу  бойынша  би-

дай,  арпа,  майлы  дақылдар  жəне  қарақұмық  сияқты  дақылдарды 

сатып алу жүзеге асырылатын болады.

Коронавирус  пандемиясының  таралуына,  елде  жəне  əлемнің 

бірқатар  елдерінде  төтенше  жағдай  мен  карантиннің  енгізілуіне 

байланысты астық пен ұнға, сондай-ақ азық-түлік тауарларының 

басқа түрлеріне сұраныс күрт өсті. Мұндай жағдайда еліміз жеке-

леген тауарларды шығаруға тыйым салу мен сандық шектеулерді 

енгізу  сияқты  шараларға  жүгінуге  мəжбүр  болды.  Бұл  уақытша 

шаралар тек қана елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 

жəне Қазақстаннан əлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің жап-

пай əкетілуіне жол бермеуге бағытталған.

Елімізде  дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында өңір-

лердің тұрақтандыру қорлары ұн мен басқа да азық-түлік тауарла-

рының жеткілікті қорын құрай алды. Сондай-ақ сауда нысандары 

мен  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  қайта  өңдеу  кəсіпорындары-

ның қоймаларында да азық-түлік қорлары бар.

Бұдан  басқа,  біздің  өндірушілерімізді  шикізатпен  қамтамасыз 

ету  үшін  де  шаралар  қабылданды.  Мəселен,  жоғары  рентабельді 

ауыл шаруашылығы дақылдары – майлы, жемдік жəне көкөніс-бақ-

ша дақылдары алқаптары ұлғайтылды. 

ЕАЭО үшін басым дақылдарды өндіруге арналған шығындарды 

азайту  үшін  ауыл  шаруашылығы  тауар  өндірушілеріне  арналған 

жинақтаушы  бұйымдар  мен  қосалқы  бөлшектерге,  кондитерлік 

жəне  қант  салаларына  бірқатар  шикізат  тауарларына,  шырындар 

өндірісіне,  өнеркəсіптік  жылыжайларға  арналған  жабдықтар  мен 

қосалқы бөлшектерге кеден баждарын 2020 жылдың соңына дейін 

нөлдеу бойынша мəселені пысықтау жоспарлануда 

Қорытындылай келе, ауыл шаруашылығы ел əлеуеті үшін, əсе-

ресе  пандемия  сынды  қиын  жағдайда  негізгі  назар  аудару  керек 

салалардың  бірі  болып  табылады.  Үкімет  экономикалық  өсімді 

қалпына  келтіру  бойынша  кешенді  жоспарды  мақұлдады,  оған 



165



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет