Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет398/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Секция

 «

Социология

 

и

 

политология

»

рөл атқаратын нысан болып табылады. Сонымен қатар, автордың 

айтуы  бойынша  отбасы  арқылы  бала  алғаш  рет  қоршаған  орта-

сымен,  моральдық  нормалармен  танысады  жəне  оларды  игереді. 

Сайлхан  Несбе  ойын  қорытындылай  келе,  жалпы  отбасын  құру 

дегеніміз жеке адамның өздігінен өмір сүру салты мен азамат бо-

лып қалыптасуының негізі болып табылатындығын айтқан. Автор 

отбасының басты жұмысы дүниеге сəби алып келіп, оның дамуын, 

рухани жағынан жетілуін, баланы жеке тұлға ретінде қалыптасты-

ру  болып  табылатындығын  көрсеткен  [1].  Жоғарыда  келтірілген 

автордың еңбегі арқылы біз отбасы жайлы жалпы ұғымды кеңірек 

қарастыра аламыз. Бірақ, отбасының жоғарыда айтылып кеткендей 

өте  маңызды  рөл  ойнайтынын  біле  тұрып  қазіргі  кезде  көптеген 

жастар  отбасылық  өмірлерін  тоқтатып  жатады.  Жалпы  ажырасу 

туралы да көптеген авторлар түрлі еңбектерін жазған. Солардың 

бірі,  Молдабаева    мен  Нургалиеваның  жастарыдың  ажырасуына 

байланысты жазған еңбектері. Авторлардың айтуы бойынша жас 

отбасылардың ажырасып кетуінің басты себебінің бірі – олардың 

отбасылық өмірге деген дайындықтарының болмауы. Осы себеп-

тен, жастар отбасылық өмірдің басында айырылысып кетеді. Со-

нымен қатар, авторлар еңбектерінде ажырасудың бірнеше себебін 

көрсетіп өткен. Олардың айтуы бойынша, жастар отбасылық өмірге 

дайын болмағандықтан, тұрмыстық жағдайға байланысты матери-

алдық қиындықтар мен қанағаттанбаушылықтың пайда болуынан, 

отбасын  құрғаннан  кейін  тұрғылықты  баспана  мəселесі,  жас-жұ-

байлардың өзара жеке қарым-қатынастарына отбасы мүшелерінің 

араласуынан  жəне  құрған  отбасының  «отбасы»  бейнесіне  сəйкес 

келмеуінен  жастар  өздерінің  отбасылық  өмірлерін  екіге  айырып 

жатады [2]. Жоғарыда қарастырылған авторлар жас-жұбайлардың 

ажырасып кетуіне көбінесе олардың отбасылық өмірге дайын бол-

мауынан екендігін көрсетіп кетті. Енді соны нақтылайтын болсақ, 

Əжібек Мағжан өзінің еңбегінде осы жастардың отбасылық өмірге 

дайындығы туралы атап өткен. Автордың айтуы бойынша, жастар-

ды отбасылық өмірге дайындық кезеңінде олардың өзара психо-

логиялық үйлесімінде қанағаттанушылық сезімін қамтамасыз ету 

өте маңызды болып келеді. Себебі, отбасылық өмірде кездесетін 

көптеген  келіспеушіліктер  мен  жанжалдардың  басты  себебінің 

бірі  жас-жұбайлардың  некеге  қанағаттанбаушылық  негізінен  ту-

ады  [3].  Яғни,  автордың  айтуы  бойынша  бірнеше  жыл  отбасын 



448



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет