Narxoz Student Research-2021
Дəл осы кезде біртіндеп АҚШ-тың аймаққа қатысты ұстанымы
қалыптасты, оны АҚШ-тың үлкен Джордж Буш кезіндегі Орталық
Азияға байланысты саясатынан көруге болады, атап айтқанда:
- Ресей немесе Қытай секілді державаның аймақтағы ықпалы
АҚШ-тан жоғары болмауы керек;
- Экстремистік Ислам күштерден аймақты қорғап қалу;
- Американдық компанияларға аймақтың ресурстарына жол
ашу [2].
Жоғарыда атап өткендей АҚШ аймақ елдерінің ішінде бірінші
кезекте Қазақстанға назар аударды. Тəуелсіз мемлекет ретінде қа-
лыптасу барысында АҚШ Қазақстанға өте үлкен көмек көрсеткен
болатын. «Ғасыр келісімшарты» деп аталған Американдық Шев-
рон компаниясы мен Қазақстандағы мұнай қорын игеру барысын-
дағы «Тенгизшевройл» атты ортақ нысанның пайда болуы АҚШ-
тың біртіндеп аймаққа аяқ басқанын көрсетеді. Екі жақты атсалы-
судың арқасында Тнгизшевройлдың кірісі жыл сайын артуда. Ал
биылғы табысы 26,5 млн тоннаны құрап отыр [3].
Екі ел арасындағы алғашқы кезеңде маңызды да, үлкен көлемді
жасалған келісім ретінде 1994 жылы қабылданған Демократиялық
серіктестік Хартиясын айтуға болады. Бұл Хартия Қазақстанды
Америкамен, үлкен держава ретінде, серіктестік қарым-қаты-
нас орнатқан Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет жариялады.
Аталған келісім екі елдің арасындағы қатынастарды тек қана қа-
уіпсіздік мəселесі бойынша ғана емес, экономика мен экология,
ғылым мен білім, яғни барлық мүмкін бағытта ұзақ жылдарға өза-
ра əрекеттесуді қамтамасыз етті [4].
1991-1994 жылғы АҚШ-Қазақстан серіктестігі белді держава
үшін сəтті болды. Батыстың өкілдері аймақтағы басты мақсатта-
рына қол жеткізді, ең бастыларының бірі əрине ядролық қарусы-
здандыру немесе Лиссабон хаттамасына қол қойылуы болды. Бұл
жағдай онсызда Солтүстік Кореяның ядролық сынақ жасауы мен
ислам экстремистерінің ядролық қаруды иеленуге ұмтылысынан
қауіптеніп отырған АҚШ үшін тағы бір қауіп ошағының жойылуы
болып табылды жəне сол кезде үлкен жетістік еді. Қазақстан ядро-
лық қарудан бас тартуы АҚШ-тың бұл елге деген экономикалық
көмегін күшейте түсті. АҚШ-тың Төтенше жəне Өкілетті Елшісі
Ричард Джонстың айтуынша: «Қазақстан Республикасы тəуел-
сіздігінің алғашқы 10 жылында басқа Орталық Азия елдеріне қа-
455
Достарыңызбен бөлісу: |