Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет407/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Секция

 «

Социология

 

и

 

политология

»

рағанда айтарлықтай көп көмек алды, біздің көмегіміз шамамен 6 

млрд. доллар көлемінде», - деп атап өткен еді [5]. 

Үлкен  Дж.Буш  негізі  қаланған  Орталық  Азия  елдеріне  қаты-

сты  саясат  одан  соң  билікке  келген  Б.Клинтонның  тұсында  да 

айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Негізінен екі Президент те Орта-

лық Азияға назар аударғанымен оны өздерінің өмірлік мүдделері 

ретінде аса басымдық бере қойған жоқ. Олардың бар назары Ор-

талық Азия елдерінің тəуелсіздігін бекітуге, демократиялық жəне 

нарықтық экономика жолында дамуына көмектесу жəне аймақта 

əсіресе Ресейдің үстемдігін орнатуға жол бермеу болды.

2001 жылы АҚШ билігіне Джордж Уокер Буш келгенде Вашинг-

тонның  Орталық  Азияға  деген  саясаты  бірден  өзгерді.  Оның  се-

бебі ретінде 11-қыркүйектегі лаңкестік əрекет көрсетіледі. Осыған 

дейін экономикалық жəне сауда қарым-қатынастарын, мұнай-газ 

мəселесі жайлы көп əңгіме қозғалса, ендігі саясаттың бағыты өзге-

ре бастады. Оған себеп болған тағы бір жағдай бір жағынан Ресей 

жəне Қытай бастаған Орталық Азия мемлекеттерінің Шанхай Ын-

тымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құруы болса, тағы бір жағдай ендігі 

жерде Вашингтон «Қытайды тежеу» саясатын ұстана бастады [6].

ШЫҰ-н  АҚШ  Еуразия  континентінде  батыс  елдеріне  қарсы 

құрылған одақ сияқты қабылдады. Сонымен бірге Қытайдың осы 

ұйымды құра отырып Орталық Азияға еркін ене бастауы да ұнама-

ды. Осыған байланысты 2001 жылғы өз территориясындағы тер-

рорлық əрекетті бетке ұстап АҚШ ендігі жерде Орталық Азияны 

Американың халықаралық терроризмге қарсы тірегі ретінде пай-

далануға тырысты. Орталық Азия елдерімен əскери-саяси бағытта 

келісімшарттар  жасалды  жəне  оның  барлығы  НАТО-ның  аймақ 

территориясын террористерге қарсы күрес үшін пайдалану жағын 

қарастырды.

Осы  террорлық  əрекетке  қарсы  күресті  пайдаланып,  АҚШ 

Өзбекстандағы  Ханабад,  Қырғызстандағы  Манас  əскери  базала-

рын  пайдалануға  мүмкіндік  алды.  Сонымен  бірге  Тəжікстанның 

Қорған Төбе, Қазақстанның Луговойдағы əскери аэродромдарын 

да пайдалануға мүмкіндік туды.  

Əрине  бұл  əрекеттер  сол  кезде  өңір  елдерімен  өзара  ынты-

мақтасып жатқан Ресей мен Қытайдың назарын аударды. Вашинг-

тонның аймақтағы тым белсенді болуы Қытай  мен Ресейді де бей-

жай  қалдырмады.  Америка  тарабынан  қысым  тек  бұл  белді  дер-



456



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет