Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет410/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

Қорыта келгенде, АҚШ Орталық Азия елдеріне өздерінің тəу-

елсіздігін  бекітіп,  əлемдік  қауымдастыққа  толыққанды  егеменді 

мемлекеттер  ретінде  енуіне  көмек  көрсетсе,  Орталық  Азия  ел-

дері де қажет кезде барынша АҚШ-қа қолдау көрсете білді деуге 

болады.


АҚШ-тың қанша президенттері ауысса да негізгі көздеген ұста-

нымы экономикалық жағынан - Орталық Азия елдерінің экономи-

калық потенциалын мүмкіндігінше пайдалану, саяси жағынан - ай-

мақта Ресей мен Қытайдың күшеюіне жол бермеу жəне Ауғанстан 

жағынан төнген қауіпке қарсы күресу, жалпы бұл аймақта терро-

ристік əрекеттердің өршімеуін қадағалау болып табылады. Жалпы 

ортақ ұстанымдармен қатар, əрбір Президенттің кезінде бұл көз-

деген тұжырымдарға, сол кездегі жағдайларға байланысты өзгері-

стер енгізіліп отырғанын байқауға болады. 

Үлкен Буш пен Клинтонның тұсында Орталық Азия аймағын 

демократияландыру,  нарықтық  экономикаға  көшіруге  көмекте-

су, адам құқығы мəселесімен қатар Ресей мен Қытайдың күшей-

іп  кетпеуі  қадағаланса,  кіші  Буш  пен  Б.Обама  кезінде  басталған 

террористік  əрекеттердің  əлемді  қауіпке  ұшыратуы  кіші  Бушты 

оған қарсы батыл əскери əрекеттер жасауға жəне оның ісіне Б.О-

баманың одан əрі қолдау жасауы жəне барлық əрекеттерді бейбіт 

шешіммен  аяқтауға  деген  ұмтылысы  ерекшеленді.  Д.Трамптың 

Орталық Азия елдеріне қатысты нақты стратегиясы болмаса да, ол 

алдыңғы  президенттердің  ісін  жалғастыруға  тырысқанын  көруге 

болады.


Сонымен зерттеу жұмысында қысқаша болса да АҚШ-тың Ор-

талық  Азиядағы  саясатын  оның  президенттері  тұсындағы  ұста-

нымдармен  салыстыра  отырып  талдауға  талпыныс  жасалды.  Бір 

сөзбен айтқанда АҚШ əлі де болса Орталық Азиядағы саяси жəне 

экономикалық  жағдайды  міндетті  түрде  өз  бақылауында  ұстап 

отыруға тырысады деген қорытынды жасауға болады. Себебі Ор-

талық Азия АҚШ пен бəсекелесе алатын əлемнің ең белді держа-

валары Ресей жəне Қытаймен көршілес орналасуы, сонымен бірге 

қазіргі кезде бүкіл əлемге саяси тұрақсыздығымен танымал болып 

отырған Ауғанстанмен іргелес орналасуы жəне соғыс қимылдары 

толастамай отырған Таяу Шығыс аймағына жақындығымен ерек-

шеленеді.




459



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет