Narxoz Student Research-2021
жаваларға ғана емес, Орталық Азия елдеріне де ұнаған жоқ. Оның
көрінісін 2003-2005 жылдардағы Қырғызстан билігінен Ақаевтың
кетуінен жəне Əндижандағы көтерілістерден байқауға болады.
Осыдан кейін аймақтың жетекші елдерінің бірі саналатын Өзбек-
стан АҚШ əскерінің ел территориясынан кетуін талап етті [7].
Джордж Уокер Буштың билікте болған уақытындағы Вашинг-
тон мен Орталық Азияның қарым-қатынасын «халықаралық қа-
уіпсіздікпен күрес» деп сипаттауға болады. Өйткені 2001-2008
жылдар аралығы көбіне Ауғанстандағы тұрақсыздық мəселесімен
есте қалады. Осы кезеңде Буш «Үлкен Орталық Азия» концепция-
сын ұстанғаны белгілі [8].
2009 жылы АҚШ билігіне демократ Барак Обама келді. Прези-
дент Америка үшін оңайға түспеген уақытта келді. Халықаралық
терроризммен күрес жəне осыған байланысты əлемдік дағдары-
сты басынан өткерген алпауыт держава Обамаға үлкен үмітпен
қарады. Билікке келісімен өз кезегінде президент бірден Вашинг-
тонның басым назар аударатын аймақтарын белгілеп өтті. Оның
қатарына Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Иран
ислам Республикасы, Түркия жəне Орталық Азия аймағы кірді.
Американдық сарапшылар Обамаға дейінгі прзеиденттердің
Орталық Азияға байланысты саясатында қателіктерді байқады:
- Аймақтағы елдердің мəселесін шешу барысында АҚШ басқа
да мемлекеттік органдардың позициясын елеген жоқ;
- Аймақтағы елдер мен халықтардың ерекшеліктері ескерілген
жоқ.
Сарапшылар Обама билікке келген соң осы мəселелерді еске-
реді деген үмітпен қарады [9].
Өзінің президенттік билігі кезінде Б.Обама Орталық Азия ел-
деріне қатысты «С5+1» форматында ынтымақтастықты дамытуды
көздеді. Бұл форматта АҚШ жəне Орталық Азия елдерінің ортақ
мүдделеріне сай əрекеттерді жүзеге асыру көзделді, яғни терро-
ризмге қарсы күрес, аймақтық сауданы дамыту, экология мəселе-
сінде ынтымақтасу т.б. мəселелер бойынша бірігіп əрекет ету бел-
гіленген еді.
Дегенмен АҚШ пен аймақ елдері арасындағы қарым-қатынас
тəуелсіздік жылдарынан бері қатты өзгеріске ұшырамады. Обама
билігінің алғашқы жылдарында Қазақстанға бөлінген инвестиция
көлемі 15 млрд. долларды құраған [10]. Обамаға дейін екі ел көбі-
457
Достарыңызбен бөлісу: |