Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет405/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Секция

 «

Социология

 

и

 

политология

»

дағы артықшылықтар мен байлықтарын тиімді пайдалана отырып 

əлемдік  нарықтан  орын  алуға  тырысты.  Осы  кезеңде  Орталық 

Азия  елдерінің  даму  үдерісі  əлемдік  державалардың  назарынан 

тыс  қалмады.  Себебі    Орталық  Азия  мемлекеттері  өздерінің  та-

биғи  ресурстарының молдығымен шетел инвесторларының наза 

рын аударып, олардың қызығушылығын тудырды.  Сонымен қатар 

аймақта өз ықпалын нығайту үшін алпауыт державалар аймақ ел-

дерімен дипломатиялық қатынастарды орнатып, олардың тəуелсіз 

даму үдерісіне көмектесе бастады. 

Осындай мемлекеттердің бірі сол кезде əлемде бірден бір үстем 

державаға айналған Америка Құрама Штаттары (АҚШ) да Орта-

лық Азия елдеріне ерекше назар аударып, бұл елдердің даму ба-

рысына  ықпал  етуге  тырысты.  Енігі  кезекте  зерттеу  жұмысында  

АҚШ-тың  əрбір  президенттері  билік  басында  тұрғанда  Орталық 

Азияға қатысты саясатты қалай жүзеге асырылғандығына талдау 

жасауға тырысамыз. 

Кеңес Одағының ыдыраған алғашқы кезеңінде АҚШ-та билік 

басында оның 41-президенті Джордж Герберт Буш болған еді. Дəл 

осы үлкен Джордж Буш кезінде барлық Орталық Азия елдерімен 

АҚШ  дипломатиялық  қатынастар  орнатты  жəне  дəл  сол  кезеңде 

осы елдердің ішінде Қазақстан Республикасына ерекше назар ау-

дарды. Оның басты себебі Орталық Азия елдері ішінде Қазақстан 

территориясында ғана ядролық қару орналасқан еді. Сол кезде Пре-

зидент Буштың ұстанымы Қазақстанның ядролық держава болып 

қалу, қалмауымен байланысты еді. Өзімізге белгілі Қазақстанның 

ядролық  қарудан  бас  тартуы  АҚШ-тың  үлкен  алаңдаушылығын 

басты десе болады. Осы кезден бастап АҚШ-тың Орталық Азияға 

деген ұстанымы біртіндеп қалыптаса бастады. 

Белді державаның бұл аймаққа назар аударған себебі: бірінші-

ден, Орталық Азия елдері мұнай, газ сияқты əлемдік экономика-

ның негізгі тірегі болып отырған минералды ресурстарға бай бол-

ды, екіншіден, АҚШ Орталық Азяи аймағына көрші жатқан Ресей 

мен Қытайдың бұл өңірде күшейіп кетуін қаламады. 

Кезінде  Буштан  кейін  билікке  келген  Бил  Клинтон:  «Мұнай- 

жаңа қалыптасқан мемлекеттің көркеюіне, одан кейін тұрақтануы-

на алып келеді»- деп айтқандай, аймақ елдерінің территориясында 

көмірсутегі шикізатының болуы, болашақта бұл елдерді нағайтып 

қана қоймай, өңірді белді мемлекеттердің тартыс аймағына айнал-

дыруына да алып келуі мүмкін еді [1].




454



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет