Оныншы дағдарыс
– ерлі-зайыптылардың біреуінің өмірден
өтуі. Бұл дағдарыстық кезең отбасы мүшелеріне өте қиын болып
табылады. Себебі, барлық өміріңді бірге өткізген адамның тастап
кетуі кез-келген адамға қиынға соғады. Бұл отбасы мүшесіне пси-
хологиялық жəне денсаулық жағдайына байланысты көптеген кері
əсерлерін тигізуі мүмкін [5]. Осыған байланысты бұл кезең ауыр
кезең болып саналады.
Ендігі кезекте жоғарыда келтірілген «отбасы психологиясы-
на» толығымен тоқталып кетейік. Жалпы «отбасы психологиясы»
жаңадан қалыптасқан сала болып табылады. Бірақ осыған қара-
мастан, бұл сала бойынша көптеген Қазақстандық жəне шетелдік
ғалымдар өздерінің еңбектері мен зерттеулерін жазып көрсетіп
кеткен. Сол авторлардың бірі Каирова мен Тойымбетованың «От-
басылық өмір психологиясы» атты еңбегі. Бұл қарастырылған
авторлар отбасы психологиясын жалпы сипаттай отырып, осы са-
ланың басты міндеттерін қарастырып кеткен. Авторлардың қара-
стыруы бойынша отбасы психологиясының басты жəне негізгі 6
міндеттемесі бар.
Отбасылық психологиялық басты міндеттері:
• Отбасы қалыптасқаннан бастап құрылатын заңдар жинамасы
жəне осылардың əлеуметтік ролінің қалыптастыру;
• Отау құрмас бұрын отбасылық өмірге дайындалу жəне бола-
шақ жарыңды анықтау;
• Отау құрған жастардың бір-бірімен ара-қатынастарының пси-
хологиялық қалыптарын анықтап алу;
• Ата-аналарының өздерінің балаларымен ара-қатынастарының
психологиялық қалыптарын анықтап алу;
• Нəрестенің отбасының тəрбиесінде өсу маңыздылығын
анықтау;
• Отбасы мүшелерінің арасында болатын кезеңдік дағдарыстар-
ды анықтау жəне олардың болдыртпау алдын-ала шараларын ұсы-
ну [6].
451
Достарыңызбен бөлісу: |