Секция
«
Социология
и
политология
»
не мұнай-газ секторына негізгі басымдықты берсе, 2009-жылдан
бастап медицина жəне агроөнеркəсіпті де қолға алды. Бірақ қара
алтын секторы ешқашан өзектілігін жоғалтпаған болатын. Ва-
шингтон үшін Қазақстан аймақтағы барлық салада көшбасшы жəне
ЕҚЫҰ-ның белді мүшесі ретінде белгілі, алайда оны алаңдатқан
басты мəселе Қазақстанның Ресеймен шекаралас болуы еді. Со-
нымен бірге Қазақстанның өзінің инфроқұрылымдарын жоғарғы
деңгейде дамытпай, мұнай-газ транзитін Батысқа шығаруда əлі
күнге дейін Ресейге тəуелді болуында болатын.
Обаманың биліктегі алғашқы жылдары Қырғызстанда амери-
кандық «Манас» əскери-əуе базасының жабылуымен есте қалды.
Əрине Вашингтон бұл жағдай ресейдің араласуымен болып отыр
деп бағалаған болатын. Осының өзі АҚШ-тың Орталық Азияға
көрші жатқан екі державаның аймақтағы ықпалының бір-бірінен
асып кетпеуін қадағалауды «державалық парыз» ретінде ұстана-
тынын көрсетеді [11].
2014 жылдан бастап Ауғанстаннан АҚШ əскерінің шығарыла
бастауы бұл елдің аймақтағы саясатына біраз да болса өзгеріс ен-
гізді.
Дегенмен, зерттеушілердің пайымдауынша Б.Обаманың Орта-
лық Азияға қатысты саясатының тұрақты, нақты тұжырымдама-
сының болмауы бұл аймақтағы АҚШ-тың ықпалын сəл де болса
əлсіретуге əкелді. Орталық Азия сол кезде тек Ауғанстандағы
АҚШ пен НАТО əскерлеріне жүк тасымалдауға қажетті пункт
ретінде қарастырылды жəне жалпы алғанда Б.Обама өзінің алдын-
дағы президенттердің саясатын жалғастырды.
2017 жылы билікке келген Д.Трамп əкімшілігі де АҚШ-тың
Орталық Азияға қатысты саясатына айтарлықтай өзгеріс əкеле
қойған жоқ. Д. Трамп Б.Обама тұсында басталған «С5+1» фор-
маты аясында аймақ елдерімен ынтымақтастықты жақтады. Осы
бағытта Орталық Азия елдерінің ведомство басшыларының кезде-
суі деңгейінде ынтымақтастық əрекеттері жүзеге асырылды. Со-
нымен бірге Ауғанстандағы жағдай нақты тұрақтанбайынша АҚШ
Орталық Азия елдерін, əсіресе Ауғанстамен шекаралас жатқан
Түркменстан, Тəжікстан, Өзбекстанды болашақта керек елдер
ретінде қарастырды. Трамп кезіндегі АҚШ-тың саясатындағы бір
ерекшелік Қытайдың аймақтағы рөлін төмендетуге бағытталған
əрекет болып табылады.
458
Достарыңызбен бөлісу: |