Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет474/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

жақты уақытша келісім бұзылып, соғыс басталған болатын. Осы 

жылы  солтүстік  бөліктің  əскерлері  38  параллель  ендіктен  асып 

өтіп, оңтүстік бөлікке кенеттен соғыс жариялады. Олардың мақса-

ты екіге бөлінген корей түбегін біріктіру, бірақ оңтүстік бөліктің 

билігін  құлатып,  Солтүстік  Кореяның  басшысы  Ким  Ир  Сеннің 

қол астында біріктіру көзделді. Ол кезде Оңтүстік Кореяның əске-

ри күші əлсіз еді, сол себепті бірнеше күн ішінде Солтүстік Корея 

оңтүстіктің астанасы саналатын Сеул қаласына дейін басып алды. 

Осы  себепті  Корея  Республикасы  солтүстікте  қарсы  төтеп  беру 

мақсатында  Біріккен  Ұлттар  Ұйымынан  көмек  сұрауға  мəжбүр 

болды.


Негізі  1950  жылы  КСРО  БҰҰ-ның  жұмысына  қатысудан  бас 

тартқан болатын, себебі сол жылы ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің 

тұрақты мүшесі ретінде Қытайдан коммунистік Мао үкіметі емес, 

ұлтшылдық режимді ұстанған Чан Кайши еді. Сондықтан БҰҰ Қа-

уіпсіздік Кеңесі мүше елдерді Корея Республикасына əскери жəне 

басқа да көмек беру мақсатында шақырған болатын. 

1950  жылы  АҚШ-тың  əскери-теңіз  күштері  оңтүстік  бөлік-

ке  көмекке  келе  бастады.  Жапониядан  тікұшақпен  жеткізілген 

алғашқы НАТО жалауындағы АҚШ əскері елдің оңтүстік-шығыс 

бөлігінде  орналасқан  Пусан  портына  орналасты.  Бірақ  оңтүстік 

бөліктегі  əскери  күш  сонда  да  əлсіз  болып,  осы  Пусан  портын 

қоспағанда,  оңтүстік  бөлік  толығымен  Солтүстік  Корея  əскер-

лерінің қолына өтті.

Оңтүстік Кореяның генералы мемлекетті аман алып қалу мақ-

сатында  түбектің  солтүстік-батыс  бөлігіндегі  Инчхон  портын-

да  шабуыл  ұйымдастырып,  солтүстік  əскердің  назарын  аударды. 

Американ  жаяу  əскерін  Инчхон  портына  орналастырып,  КХДР 

əскеріне кенеттен шабуыл жасау арқылы, астанасы Сеулді қайта-

рып  алды.  Ендігі  соғыс  күші  өзгеріп,  БҰҰ  жəне  Оңтүстік  Корея 

əскері 38 параллельді асып өтіп, тіпті солтүстік бөліктегі бас қала 

Пхеньянды басып алған болатын.

Соғыс  жағдайының  өзгеруі  Қытайдағы  Мао  Цзэдуннің  ком-

мунистік  үкіметін  алаңдатты,  себебі  НАТО  əскерлері  тіпті  Сол-

түстік Корея мен Қытай шекарасындағы Ялуцзян өзеніне жеткен 

болатын. Осы себепті Қытайлық билік Солтүстік Корея мен Кеңес 

əскерлеріне көмек беру мақсатында «халық еріктілері» деген ат-

пен өз əскерін жіберген болатын. Солтүстік бөлікке əскери көмек 



531



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет