Секция
«
Социология
и
политология
»
Тарихтан білетініміздей, Корей мемлекеті ұзақ уақыт Қытай-
дың ықпалында, одан соң Жапонияның үстемдегінде болды. Екін-
ші дүниежүзілік соғыс аяғына таман Корей түбегінің солтүстігіне
Жапонияға қарсы соғысу мақсатында КСРО армиясы енгізілген
болатын. Осы кезден бастап, солтүстік Корей жерінде бұл елді со-
циалистік жүйеге тарту əрекеттері жүргізілді. Ал түбектің оңтүсті-
гіне Жапон елі қарсы соғысу мақсатында АҚШ əскері орнала-
стырылған еді. Дəл осы кезде АҚШ бастаған капиталистік елдер
социалистік идеяның əлемге тарап кетпеуін барынша қадағалауға
тырысты. Ал КСРО болса социалистік жүйеге басқа да мемлекет-
терді қоса отырып, капитализмге қарсы мықты одақ құрғысы кел-
ді. Міне, осы КСРО мен АҚШ арасындағы осы қарама-қайшылық
ең соңында біртұтас корей халқының екі мемлекетке бөлінуіне
алып келді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бүкіл Оңтүстік-Шығыс
Азияны жаулап алған Жапонияға қарсы тойтарыс бере отырып,
жапон əскерлерін өз жеріне шегінуге мəжбүр етіп жəне Жапо-
нияны жеңілгенін мойындатып, тізе бүктіре отырып, АҚШ пен
КСРО 1945 жылдың 2-қыркүйегінде екінші дүниежүзілік соғысты
аяқтаған болатын.
Осыдан соң АҚШ пен КСРО əскерлері бірақ уақыт Корей тү-
бегінде сол өздері армиясын енгізген аймақта тұрып қалды. Не-
гізінен Корей түбегі 38 параллель бойынша жапон армиясын қуып
шыққанша, əскери қажеттілікке байланысты бөлінген болатын.
Осының өзі түбінде корей халқының екіге бөлінуіне себеп бол-
ды. Солтүстікте кеңестер Одағы Кореяны социалистік жүйеге ен-
гізуге тырысып, ол аймақтағы социалистік, коммунистік топтарға
дем беріп, қолдау көрсете бастаса, АҚШ Оңтүстік Кореяда со-
циалистік идеологияға қарсы күштерге қолдау көрсетті. Осының
нəтижесінде елдің солтүстігінде КСРО-ның қолдауымен уақытша
үкімет құрылып, оның басшылығына Ким Ир Сен тағайындалса,
елдің оңтүстігінде де АҚШ-тың қолдауымен Ли Сын Манның бас-
шылығымен уақытша үкімет құрылды. Осы жағдайдан кейін, сол
жылдан бастап, екі мемлекет екітүрлі саяси жүйені ұстанып басқа-
рып келеді. Сонымен қатар, АҚШ пен КСРО əскерлері келісім
бойынша 1948 жылы елден шығарылды.
Корей түбегінде екі мемлекет құрылып, түбектен АҚШ пен
КСРО армиялары шығарылғаннан кейін, 1950 жылдан бастап екі
530
Достарыңызбен бөлісу: |