Секция
«
Социология
и
политология
»
келгендіктен, соғыс жағдайы бұрынғы қалпына түсіп, американ-
дық армия оңтүстік бөлікке шегінді.
Оңтүстік Кореядағы АҚШ генералы Макартур солтүстік бөлік-
ті толықтай жаулап алу мақсатында тіпті ядролық қаруды қолда-
нуды ұсынған болатын. Бірақ сол кездегі АҚШ президенті Трумэн
бұл жоспарды жүзеге асыруына жол бермеді, себебі Кеңес Одағы
Батыс Еуропаға қарсы ядролық соққы беріп, əлемде қайтадан
үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетеді деп қорықты.
1951 жылы соғысушы тараптардың өкілдері келісімге келуді
ұсынды. Дегенмен қытай билігі корей түбегіндегі соғысты тоқтат-
пауға асықпағаны белгілі болды, себебі оңтүстік бөлікке қайтадан
бірнеше рет шабуыл жасаған болатын. Алайда, БҰҰ Кореяны 38
параллель ендік бойынша уақытша емес, толықтай тұрақты екіге
бөлуге дайын болды. Сондықтан соғыс қимылдары жүргізілмеді.
1953 жылға дейін екі мемлекетте келісімге келе алмады.
Оңтүстік Корея түбекті біріктіруге, Кореяны қайта құуға қарсы
болды. Сол себепті Қытай сол жылы оңтүстік бөлікке шешуші
соғыс ашқан болатын. Осыдан кейін БҰҰ оңтүстікте билік ете
бастады, нəтижесінде сол жылы Пханмунджонда атысты тоқтату
туралы екі жақты келісімге қол қойылды.
Сөйтіп, Кореядағы 1950-1953 жылдары орын алған соғыс елдің
екіге бөлінуіне алып келді, елдің оңтүстігінде Корей Республика-
сы (КР), ал солтүстігінде Корей Халық Демократиялық Республи-
касы (КХДР) құрылды.
Жалпы алғанда Кореяның екіге бөлінуіне АҚШ пен КСРО-ның
саясатынан басқа ел ішіндегі экономикалық жəне саяси алғышарт-
тар да себеп болды дейді осы мəселені зерттеушілер.
Осы тақырыпты зерттеуші тарихшылардың бірі Наталья Ким
өзінің еңбегінде екіге бөлінгенге дейін Корея мəдени құндылықта-
ры жағынан біртұтас ел болатын деп жазады, ал саяси жағынан
алғанда елдің саяси элитасын негізінен орталық жəне оңтүстіктен
шыққандар құраған екен. Экономикалық жағынан алғанда Коре-
яның солтүстігі өндірісі дамыған аймақ болса, оңтүстігі негізінен
ауыл шаруашылығы басым дамыған аймақ болып қалыптасқан
екен [1].
Сонда былай талдап қарасақ, корей халқының екіге бөлінуінің
экономикалық, мəдени алғышарттары болғанымен, əлемнің соци-
алистік жəне капиталистік деп екі жүйеге бөлінгені біртұтас елдің
532
Достарыңызбен бөлісу: |