Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет478/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

«Солтүстік  Корея  саясатта  алты  қағиданы  ұстанады»  деген 

болатын  сарапшы  Ирина  Сергеевна.  Саясаткерлер,  кəсіпкерлер, 

студенттердің  екі  ел  арасынла  жүруіне  кедергі  келтірмеу;  соғыс 

кезінде екі бөлікте қалып кеткен отбасы мүшелерінің бір-бірімен 

кездесуіне  көмектесу;  екі  ел  арасындағы  сауданың  дамуын,  ішкі 

сауда деп қабылдау; басқа елдермен сауда жасауға көмекші болу; 

бəсекелестік  пен  қарсыластықты  тоқтату  [5,  с.111].  Мемлекет 

билігі осындай қағидаларды жариялап, бекіткенімен, оның дұрыс, 

əрі заңды орындалуына күш салып отырған жоқ. Оған себеп – жа-

бық  есік  саясаты,  кезінде  бір  мемлекет  ретінде  Жапон  əскеріне 

қарсы тұрғанымен, екіге бөлінгеннен кейін, шекараның екі жағын-

да қалған отбасы мүшелеріне ауыр тиді. Бір-бірін іздеп табу, со-

нымен  қатар,  кездесу  үшін  де  тек  белгілі  бір  уақыт  аралығында 

ғана көрісуге мүмкіндік алды. Солтүстік Кореяның осындай қатаң 

саясаты өз елінің халқына ғана емес, шекаралас ел тұрғындарына 

да кедергісін келтіргені анық. 

«Кэсон өндірістік кешені – бұл КХДР аумағында өзге елдің, со-

ның ішінде Корея Республикасының азаматын кездестіруге бола-

тын жалғыз орын». Буфер аймақ ретінде саналатын өндірістік ке-

шенде екі елдің азаматтары да қатар жұмыс жасап келеді. Сонымен 

қатар, өндіріс орнынан шыққан тауарларды «Made in Korea» бел-

гісі ретінде əлем елдеріне экспортталады [6, с.243]. 

Жоғарыда  көрсетілген  мəліметтерге  сəйкес,  екі  корей  мемле-

кетінің айырмашылықтарын байқауға болады. Қазіргі таңда корей 

түбегінде екі мемлекетте əлем елдері арасында танымалдыққа ие, 

бірі – технологиясы дамыған, Азия алыптарының бірі болса, екін-

шісі – ядролық держава ретінде қалыптасқан.

Осы  корей  түбегіндегі  екі  мемлекеттің  бірігу  мəселесіне  қа-

тысты көзқарастары да біркелкі емес, себебі бірі – неғұрлым тез 

шешім  қабылдап,  жедел  қимылдар  жасауды  ұсынса,  екіншісі  – 

тиімді əсер беретіндей жағдайға жеткізуді қалайды [7, с.88]. 

Қорыта  келгенде,  біртұтас  корей  халқының  екіге  бөлінуі  ка-

питалистік  жəне  социалистік  идеологияның  қарама-қайшылығы 

жəне  содан  туындаған  қырғи-қабақ  соғыстың  нəтижесі  екендігі 

анық дегіміз келедіү

Дегенмен кейінгі кездегі екі Корей мемлекетінің біртіндеп бір-

бірімен  қарым-қатынас  жасай  бастауы,  бұл  елдердің  болашақта 

бірігуіне  ұмтылуы  деген  пікірді  қалыптастырады.  Болашақта  екі 



535



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет