231
орналасқан лимфа жасушаларының шоғырлары болып саналады және олар әртүрлі
аталады – лимфа фолликулалары, лимфа түйіншелері.
Лифа түйіншелері фолликул деп аталу себебі оларды зерттеп сипаттаған алғашқы
анатомдар жоғарыда айтылғандай түйіншелер ортасында ақшыл дөңгелек байқаған
(көбею ортасы) оны қуыс деп ойлап осылай атап кеткен. Кейінгі уақыттағы электронды
микроскопиялық, иммуноморфологиялық, гистохимиялық зерттеулер фолликул дегеніміз
лимфа түйіншелері екенін толығымен дәлелдеді.
Лимфа тәрізді түйіншелер алғашқы дамуынан бастап ең жоғарғы ұйымдасу
деңгейіне дейін (жоғарғы белсенділік кезеңі) бірнеше сатыдан өтеді:
1.
Ошақтәрізді жиынтық – шашыраңқы лимфатәрізді ұлпаның пайда болуы.
2.
Шашыраңқы лимфатәрізді ұлпаларда лимфатәрізді түйіншелердің (көбею
орталығысыз) пайда болуы.
3.
Лифатәрізді түйіншелерде көбею орталығының пайда болуы
4.
Оның жойылуы, орны майлы жасушалармен алмасуы.
Достарыңызбен бөлісу: