жұлынның торлы қабығы
, arachnoidea spinalis
,
жұқа, түссіз және мөлдір (тамырлары жоқ ) болады, қатты қабық екеуінің аралығында
жұқа саңылау
– қатты қабықастылық кеңістік, spatium subdurale,
орналасады.
Жұлынның жұмсақ қабығы
, pia mater spinalis,
жұлынға тығыз жанасып, оны
тікелей жауып жатады және қан тамырларымен бай жабдықталған. Жұмсақ қабық пен
торлы қабықтың аралығында едәуір көлемді
торлы қабықастылық қуыс , cavitas
subarachnoidalis ,
орналасқан , оның іші
ми – жұлын сұйықтығымен , liquor
cerebrospinalis
, толған. Бұл кеңістік мидың аттас қуысына жалғасады. Жұмсақ қабықтың
латералды бетінен, фронтальды жазықтықта орналасқан үшбұрышты 19-23
тісті
байламдар
,ligamentum denticulata
, шығады,олардың шеттері торлы қабықпен жабылып,
көршілес екі жұлын нервтерінің аралығындағы қатты қабықтың ішкі бетінде аяқталады.
Жұлынды тісті байламдардан басқа , жұмсақ қабық пен торлы қабықтың аралығындағы
көптеген дәнекер тіндік жіпшелер де бекітіп тұрады.
Жұлынның скелетотопиясына байланысты ми – жұлын сұйықтығын тексеруге алу
үшін инені III- IV бел омыртқаларының аралығы арқылы өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |