Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Көз  алмасының  тамырлы  қабығы



Pdf көрінісі
бет281/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Көз  алмасының  тамырлы  қабығы, 
tunica  vasculosa  bulbi, 
тамырлыр  және 
пигменттермен  бай  жабтықталған  қабық.  Бұл  қабық: 
нұрлы  қабық,  кірпікті  дене
  және 
меншіктк тамырлы
 
қабықтан
 тұрады. 
       
Нұрлы  қабық, 
iris, 
тамырлы  қабықтың  фронталды  жазықтықта  орналасқан 
алдыңғы  бөлігі.  Ол  мөлдір  қабық  арқылы  көрініп  тұрады  және  ортасында, 
қарашық, 
pupilla,  орналасады.  Нұрлы  қабықтың  алдыңғы  камера  мен  мөлдір  қабыққа  қараған 
алдыңғы  бетін
  және  артқы  камера  мен  көзбұршаққа  қараған 
артқы  бетін
  ажыратады. 
Артқы  беті  пигменттерге  бай  эпителиймен  жабылған.  Көздің  түсі  осы  пигменттердің 
мөлшеріне байланысты, қоңыр (“қой көз” ), қара, жасылдау, көк және т.с.с. болып келеді. 
Нұрлы  қабықтың 
қарашықтық    жиегін,  margo  pupillaris, 
және 
кірпіктік  жиегін,  margo 
ciliaris, 
ажыратады.  Кірпіктік  жиек 
қырлы  байлам,  lig.  pectinatum  iridis, 
арқылы  кірпікті 


323 
 
дене  және  ақ  қабықпен  байланысады.  Қырлы  байлам  талшықтарының  аралықтарында 
Фонтан  кеңістіктері
  деп  аталатын  саңылаулар  орналасқан.  Нұрлы  қабықтың  ішінде 
бірыңғай салалы:  дөңгелек бағыттағы 
қарашықты тарылтатын бұлшықет, m. sphincter 
pupillae, 
және  тарамдалған  (радиарлы) 
қарашықты  кеңейтетін  бұлшықет,  m.  dilatator 
pupillae, 
орналасады.  Көзге  түсетін  жарық  көбейгенде  қарашық  тарылады,  жарық 
азайғанда кеңейеді.
      
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет