Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет283/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Меншікті тамырлы қабық,
  choroidea, 
ақ қабықтың  кірпікті денеге дейінгі бүкіл 
дерлік  бөлігін  ішкі  жағынан  жауып  жатады.  Тамырлы  және  ақ  қабық  арасында  тар 
саңылау  тәрізді 
меншікті  тамырлы  қабық  жанындағы  кеңістік,  spatium  perichoroidale, 
орналасады. 
        
Көз  алмасының  ішкі  қабығы, 
tunica  interna  bulbi, 
немесе   
торлы  қабық, 
retina,
тамырлы  қабықтың  ішкі  бетіне  (қарашыққа  дейін)  тығыз  жанасып  жатады.  Оның 
көру  және  “соқыр”  бөліктері  болады. 
Көру  бөлігі

pars  optica  retinae
,  меншікті  тамырлы 
қабыққа  сәйкес  орналасқан.  Торлы  қабықтың  “соқыр”  бөлігі  кірпікті  дене  мен  нұрлы 
қабықты ішкі жағынан жауып жатады. Көру бөлігінде, сыртқы – 
пигментті бөлікті, pars 
pigmentosa
, және ішкі – 
нервтік бөлікті, pars nervosa,
 ажыратады, оның құрамында жарық 
қабылдағыш  жасушалар  - 
таяқшалар 
мен 
сауытшалар 
орналасады.  Аталған  жасушалар 
көру  бөлігінің  тереңінде  орналасады  да  (тамырлы  қабық  жағында) ,  жарықты  қабылдап, 
нервтік  импульске  айналдырады.  Нервтік  импульс  (ақпарат)  таяқшалар  мен 
сауытшалардан, беткей орналасқан биполярлы нейрондарға, ал олардан  мультиполярлық 
(ганглионарлық)  нейрондарға  жеткізіледі.  Бұл  нейрондардың  аксондары  шыны-  тәрізді 
денеге  қарай  беткей  шығып, 
көру  нервін,n.opticus,
  түзеді.  Сауытшалар  күндіз  жарық 
сәулелерін  қабылдап,  түрлі  –түсті  көруді  қамтамасыз  етсе,  таяқшалар  қараңғылықта 
жұмыс атқарады. 
Торлы  қабықтың  ішкі  бетінде  диаметрі  1,5  мм.  шамасындағы  ақшыл  түсті,  көз 
алмасынан  көру  нервісінің    шығатын  жері   
көру  нервісінің  дискі,  discus  nervi  optici,
 
көрінеді.  Оның  ортасында  кішкене 
диск  ұңғылы,  excavatio  disci,
  орналасқан,  бұл  дискте 
жарық сезгіш нейрондар болмайды, сондықтан  
соқыр  дақ 
  деп,  аталады.  Соқыр  дақтың 
латералды  жағында  (шамамен  2-3  мм.)  сарылау  түсті 
дақ,  macula, 
орналасқан,  оның 
ортасында кішкене 
орталық шұңқырша, fovea centralis,
  жатады.  Бұл  жерде  түрлі  –  түсті 
көруді қамтамасыз ететін сауытшалардың ғана орналасуына байланысты, дақ – ең жақсы 
көру аймағы болып табылады. Торлы қабықтың басқа бөлігінде таяқшалар орналасады. 


324 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет