Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет285/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Көздің  қосымша ағзалары

Көздің  қосымша  ағзаларына,
 
organa  oculi  accessoria
,  бұлшықеттер,  шандырлар, 
қабықтар, конъюнктива және көзжас аппараты жатады. 


325 
 
Көз  алмасының  бұлшықеттеріне

musculi  bulbi
,  төрт  тік  (жоғарғы,  төменгі,  латералды 
және медиалды), екі қиғаш ( жоғарғы және төменгі) бұлшықеттер жатады.Төменгі қиғаш 
бұлшықеттен  басқалары  және  жоғарғы  қабақты  көтеретін  бұлшықет  жалпы  сіңірлі 
сақинадан  басталады. 
Жалпы  сіңірлі  сақина,
 
annulus  tendineus  communis
,  көру  өзегінің 
айналасына және ішінара көзұялық жоғарғы саңылаудың жиектеріне бекіп, көру нервісін 
және көз артериясын қоршап жатады. Тік бұлшықеттер көз алмасының сәйкес жақтарын 
бойлай алдыға жүріп, экватордың алдында, аққабыққа бекиді
. Латералды
 және 
медиалды 
тік  бұлшықеттер

mm.recti  lateralis  et  medialis
,  көз  алмасын  вертикалды  білік 
айналасында  сыртқа  немесе  ішке  бұрады.  .
Жоғарғы 
және 
төменгі  тік  бұлшықеттер

mm
.
recti superior et inferior
, фронталды білік бойынша көз алмасын жоғарғы немесе төмен 
қозғалтады. 
Жоғарғы  қиғаш  бұлшықеттің,  m.obliquus  superior
,  жіңішке  сіңірі 
шығыршықтық  қылқанға  бекіген  шеміршектік  шығыршық  арқылы  өтіп,  латералды 
бағытта,  біршама  артқа  жүріп,  көз  алмасының  жоғарғы-латералды  бөлігіне,  экватордың 
артында бекиді. Бұл бұлшықет көз алмасын (қарашықты) сагитталды білік бойынша төмен 
және  латералды  бағытта  айналдырады. 
Төменгі  қиғаш  бұлшықет,  m.obliquus  inferior, 
көзұяның төменгі қабырғасынан, көзжас қабы шұңқырының маңайынан басталып, жоғары 
және латералды жүріп, көз алмасының латералды бетіне, экватордың артында бекиді. Ол  
көз  алмасын  жоғары  және  латералды  бағытта  қозғалтады. 
Жоғары  қабақты  көтеретін 
бұлшықет, m.levator
 
palpebrae superioris
, жоғарғы қабақтың шеміршегіне бекиді. Орталық 
нерв жүйесінің үйлестіруші қызметіне байланысты, оң және сол жақтағы көз алмалары бір 
уақытта қозғалады(конвергенция). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет