326
сәйкес,
қабақтың алдыңғы жиегін, limbus palpebralis anterior,
және конъюктиваға өтетін
артқы жиегін, et limbus palpebralis posterior,
ажыратады. Алдыңғы жиекке жақынырақ
2-3 қатар құрайтын
кірпіктер, cilia,
орналасады. Жоғарғы және төменгі қабақтардың
арасындағы
көз саңылауында, медиалды
және
латералды бұрыштар
ажыратылады.
Көздің медиалды бұрышы аймағындағы қабақтардың алдыңғы жиегінде, кішкене
көзжастық бүртікше, papilla lacrimalis,
орналасқан. Одан
көзжастық өзекше, canaliкulus
lacrimalis,
басталады.
Конъюктива
,
tunica conjunctiva,
шырышты қабықтың бір түрі болып табылады,
қабақтардың артқы бетін,көз алмасының мөлдір қабықтан басқа, алдыңғы бөлігін жауып
жатады. Конъюнктиваның қабақтардан көз алмасына өтетін жерлері
конъюнктивалық
жоғарғы
және
төменгі күмбездер, fornix conjunctivae superior et inferior,
деп белгіленеді.
Қабақтардың артында, көз алмасының алдында конъюнктивамен жабылған кеңістік,
конъюнктивалық қап, saccus conjunctivae,
орналасқан. Көздің медиалды бұрышындағы
тереңдеу жер -
көзжастық көл, lacus lacrimalis,
деп аталады. Көзжастық көлдің медиалды
бөлігінде
көзжастық
бүртікті,
caruncula
lacrimalis,
латералды
бөлігінде
конъюнктиваның
жартыайлы бүрмесін, plica semilunaris conjunctivae,
ажыратады. Бұл
бүрме төменгі сатыдағы омыртқалыларда кездесетін үшінші қабақтың (кірпік қағу
қабағының) қалдығы болып табылады.
Жоғарғы қабақ пен маңдайдың шекарасында
Достарыңызбен бөлісу: