Көзұядағы басқа анатомияның құрылымдар
. Көзұяның қуысы көз алманың
көлемінен едәуір үлкен болады. Көз алмасын, оның дәнекертінді
қынабы, vagina bulbi
,
немесе
тенон қапшығы
жауып жатады. Тенон қапшығы алдыңғы жағында, конъюнктива
күмбезі аймағында ақ қабыққа бекиді, артқы жағында көру нервісінің сыртқы қынабына
жалғасады. Көз алмасы мен тенон қапшығының арасындағы саңылаулық кеңестік
тенон
немесе
ақ қабықүстілік кеңістік, spatium episclerale
, деп аталады. Көзұяның қабырғалары
мен тенон қапшығының арасында, көру нервісі мен көз қозғалтатын бұлшықеттерді
қоршай
көзұяның майлы денесі, corpus adiposum orbitae
, орналасады. Ол көз алмасын
қозғалыс кезіндегі сілкіністерден сақтайтын серпімділік қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |