Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет294/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

есту
 
сүйекшелерінен
 (ossicula auditus) - балғашық, төстік және үзеңгі - 
тұратын  тізбек  орналасады. 
Балғашық
 
(malleus)
  сабымен  дабыл  жарғағының  ішкі  бетіне 
бекиді,  ал  шартәрізді  басымен 
төстік
 
(incus)
  ұңғылымен  буындасады.  Төстік  байлам 
арқылы  қысқа  өсіндісімен  дабыл  қуысының  төбесіне  бекиді,  ал  рычаг  иіні  қызметін 
атқаратын  ұзын  өсіндісімен 
үзеңгімен
 
(stapes)
  буындасады.  Үзеңгі  негізі  кіреберіс 


330 
 
терезесін  (fenestra  vestibuli)  жабады,  бұл  терезе  жиегі  мен  үзеңгі  негізінің  арасында 
дәнекертінді қабат жатады.  
Есту  сүйекшелерінің  арнайы  бұлшықеттері  болады,  оларға  төменгі  жақсүейктік 
нервпен нервтенетін дабыл жарғағын керетін  бұлшықет пен бет нервінен тармақ алатын 
үзеңгілік бұлшықет жатады. Бұл бұлшықеттердің қызметі негізінен дыбыс өткізуді реттеу. 
Сөйтіп,  екі  бұлшықет  бірге  жиырылғанда  ортаңғы  құлақтың    барлық  дыбыс  өткізу 
аппаратының тербеліс амплитудасы азаяды, бұл қатты дыбыстардың өтуін жұмсартады.  
Дабыл  қуысы  ішкі  жағынан  сүйекқабымен  тығыз  бітісетін  шырышты  қабықпен 
жабылған, ол артқы жағынан емізіктәрізді үңгірдің (antrum mastoideum), яғни емізіктәрізді 
өсіндінің  ең  үлкен  ауалы  қуысының  және  оның  ұяшықтарының  шырышты  қабатына 
жалғасады.  Дабыл  қуысының  шырышты  қабаты  алдынан  есту  (евстахиев)  түтігінің 
шырышты қабатына жалғасады. 
І  желбезек  доғасының  туындысы  болып  табылатын
  есту  түтігі
  (tuba  auditivae) 
ортаңғы  құлақ  пен  түтіктің  жұтқыншақтық  тесігі  (ostium  pharyngeum  tuba  auditibae) 
ашылатын  жұтқыншақтың  мұрын  бөлігін  байланыстырады.  Ол  бұлшықет-түтік  өзегінің 
жартысын  алып  жататын  сүйекті  бөліктен  және  жұтқыншақтың  мұрын  бөлігінің 
аймағында орналасатын шеміршекті бөліктерден тұрады. Есту түтігінің шырышты қабаты 
кірпікшелі эпителимен қапталған және бойлық қатпарлар түзеді. 
Есту  түтігінің  қабырғасымен  жұмсақ  таңдай  бұлшықеттері  байланысады,  бұл 
бұлшықеттердің  жиырылуы  жұтынған  кезде  ауаның    дабыл  қуысына  өтуін  қамтамасыз 
етеді.  Қуыстағы  қысымды  реттеу  шырышты  қабаттың  ауаны  сіңіруімен  бір  мезгілде 
жүзеге асады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет