Қарашық рефлексі. Ортаңғы мидың жоғарғы төбешіктері ядроларының аксондары
өз жағындағы және қарсы жақтағы көз қозғалтқыш нервтің парасимпатикалық
қосымша
ядросында (Якубович ядросында) және III, IV, VI жұп бассүйек нервтерінің қозғалтқыш
ядроларында аяқталады. Қосымша ядроның аксондары
түйінгедейінгі тармақтар, rami preganglionares, түрінде көзқозғалтқыш нервтің құрамында
кірпікті түйінге, ganglion ciliare, келеді. Бұл түйінде екінші парасимпатикалық нейрондар орналасқан. Олардың
түйінненкейінгі тармақтары,
rami postganglionares, кірпікті бұлшықетті және
қарашықты тарылтатын бұлшықетті парасимпатикалық (
қысқа кірпіктік нервтер, nn.ciliares breves, құрамында өтеді) нервтендіреді. Кірпікті бұлшықет көзбұршақтың
дөңестігін өзгерту арқылы аккомодацияны (көздің анық көруін) қамтамасыз етеді.
Симпатикалық сабаудың мойындық жоғарғы түйінінен шығатын
түйінненкейінгі тармақтар ішкі ұйқы артериясының, одан кейін көз артериясының өрімдерінің
құрамында көз алмасына келіп,
қарашықты кеңейтетін бұлшықетті, m.dilatator pupillae ,
нервтендіреді. Жарық көп түскенде қарашық тарылады, қараңғыда кеңейеді, қарашықтың
жарықтың мөлшеріне жауабы-
қарашық рефлексі деп аталады.
Жоғарғы төбешік нейрондарының III,IV және VI жұп бассүйек нервтерінің
қозғалтқыш ядроларымен байланысы көз алмасы бұлшықеттерінің экстрапирамидалық
нервтенуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жоғарғы төбешік нейрондарынан
төбе- жұлындық жол, tractus
tectospinalis , басталады, ол, жұлынның алдыңғы мүйізінде
орналасқан қозғалтқыш нейрондарда аяқталады. Кенеттен жарық әсер еткен кезде бұл
328
жол арқылы тұлға, қол-аяқ бұлшықеттерінің шартсыз рефлекстік (экстрапирамидалық
жүйе) қозғалыстары іске асады.