ІШКІ ҚҰЛАҚ Ішкі құлақ (auris interna) сүйекті және жарғақты лабиринттерден тұрады. Сүйекті
лабиринт (labyrinthus osseus) самай сүйектің тасты бөлігінде дабыл қуысынан ішке қарай
орналасады. Ол бір-бірімен байланысатын қуысты кіреберістен, үш сүйекті жартылай
дөңгелек түтіктерден және ұлудан тұрады.
Пішіні эллипс тәрізді
кіреберіс (vestibulum) лабиринттің орталығын алып жатыр.
Кіреберіс қуысының медиалды қабырғасы вертикалды қыр арқылы үш ұңғылға бөлінеді:
жартылай дөңгелек түтіктердің бес тесігі ашылатын эллипстік (recessus ellipticus), оның
алдында орналасатын сферикалық (recessus sphericus) және алдыңғы екеуінің арасында,
төменде орналасатын ұлулық (recessus cochlearis). Соңғы екі ұңғыл тікелей ұлу
өзекшелерімен байланысады. Ұңғылдарда кіреберіс нервінің шеткі өсінділері өтетін торлы
331
дақтар (maculae cribrosae) болады. Кіреберістің сыртқы қабырғасында кіреберіс терезесі
(fenestra vestibuli) мен ұлу терезесі (fenestra cochleae) орналасады.
Үш
– алдыңғы, артқы және латералды