Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет280/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Көз алмасының қабықтары. 
       
 Көз  алмасының  үш:  сыртқы  фиброзды,  ортаңғы  тамырлы  және  ішкі  торлы 
қабықтарын ажыратады. 
        
Көз  алмасының  фирозды  қабығы, 
tunica  fibrosa  bulbi, 
қорғаныш  қызметін 
атқарады, ол екі бөліктен: алдыңғы нұрлы және артқы ақ қабықтардан тұрады. 
        
Нұрлы  қабық,  cornea, 
фиброзды  қабықтың  алдыңғы  1/6-ін  алатын    мөлдір, 
тамырсыз бөлігі. Оның пішіні алды дөңес, артқы жағы ойыс сағат шынысы сияқты болып 
келеді.  Нұрлы  қабықтың  негізі  дәнекер  тін,  оның  алдыңғы  және  артқы  беттері 
эпителиймен жабылған. Нұрлы қабықтың ақ қабыққа өтетін жерінің ені 1 мм.-дей болып, 
жартылай мөлдір сақина түрінде - 
жиек, limbus, 
деп аталады. 
       
Ақ қабық, sclera, 
фиброзды қабықтың артқы 5/6 бөлігін алып жататын, тамырлары 
мен  нервтері  жоқ  дерлік,  тығыз  дәнекер  тіннен  түзілген.  Нұрлы  қабықпен  жанасатын 
шекарасында,  ақ  қабықтың  ішінде,  оның 
веналық  қойнауы,  sinus  venosus  sclera, 
(Шлемм 
өзегі) өтеді. Оған көздің алдыңғы камерасынан сулы ылғал келіп құйылады.  
       


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет